
Нияров Азиз Бауыржанұлы
Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры
Өмірбаян
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен Батыс Қазақстан облысы мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры лауазымына кіші әділет кеңесшісі Нияров Азиз Бауыржанұлы тағайындалды.
Нияров Азиз Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген, прокуратура органдарында 2016 жылы Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы прокурорының көмекшісінен бастап, кейін аудан прокурорының аға көмекшісі, облыс прокуратурасының басқарма аға прокуроры, Орал қаласы прокуратурасының бөлім бастығы, облыс прокурорының аға көмекшісі қызметтерін атқарды.
Осы уақытқа дейін Бөрлі ауданы прокурорының орынбасары қызметін атқарып келді.
Прокуратура органдарындағы жалпы еңбек өтілі 10 жылдан асады.





