
Өмірбаян
Төремұратов Арман Амантайұлы, 1987 жылғы, білімі жоғары, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетін аяқтаған.
2018 жылы еңбек жолын Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы басқармасының прокуроры лауазымынан бастады.
2020 жылы аталған прокуратура басқармасының аға прокуроры лауазымына тағайындалды.
2020–2022 жылдары Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы арнайы прокурорлар басқармасында облыс прокурорының көмекшісі лауазымында қызмет атқарды.
2022–2023 жылдары Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасы бастығының орынбасары лауазымында жұмыс істеді.
2023–2024 жылдары облыс прокурорының аға көмекшісі, үкімдердің орындалуын қадағалау тобының жетекшісі лауазымында еңбек етті.
2024–2026 жылдары Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы үкімдердің орындалуын қадағалау басқармасының бастығы лауазымында қызмет атқарды.
2026 жылғы 26 ақпаннан бастап Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының прокуроры лауазымын атқарады.
Үйленген, үш баланы тәрбиелеуде.





