
Өмірбаян
Мұсағалиев Нұрлыбек Маратұлы, 1983 жылғы, білімі жоғары, Қазақ мемлекеттік заң академиясын аяқтаған.
Еңбек жолын 2005 жылы Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы прокуратурасында маман болып бастаған.
2006 жылы Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы прокурорының көмекшісі болып тағайындалды.
2008-2014 жылдар аралығында Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының Тергеу және анықтаудың заңдылығын қадағалау басқармасының прокуроры, аға прокуроры қызметтерін атқарған.
2014-2016 жылдары Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы прокурорының орынбасары қызметін атқарған.
2017-2018 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Қылмыстық қудалау қызметінің аға прокуроры қызметін атқарған.
2018-2022 жылдары Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының прокуроры қызметінде жұмыс жасаған.
2022-2023 жылдар аралығында Батыс Қазақстан облысы прокурорының аға көмекшісі болып еңбек етті.
2023-2026 жылдары Бөрлі ауданының прокуроры қызметін атқарды.
26.02.2026 жылдан бастап Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының прокуроры қызметін атқарады.
Үйленген, үш баласы бар.





