Мұхтаров Ерлан Ғабдықалықұлы

    Шыңғырлау ауданының прокуроры

    Мұхтаров Ерлан Ғабдықалықұлы
    Прокурор

    Мұхтаров Ерлан Ғабдықалықұлы

    Шыңғырлау ауданының прокуроры

    Өмірбаян

    Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 14.01.2026 жылғы бұйрығымен Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының прокуроры лауазымына Ерлан Ғабдықалықұлы Мұхтаров тағайындалды

    Мұхтаров Ерлан Ғабдықалықұлы – Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданының тумасы. Білімі жоғары, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі.

    Еңбек жолын 2009 жылы Орал қаласы прокуратурасының прокуроры қызметінен бастап, кейін Сырым ауданы және Орал қаласы прокуратураларында бөлімнің аға прокуроры, сондай-ақ Батыс Қазақстан, Атырау облыстары прокуратураларында және Бас прокуратурада әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарған.

    Осы уақытқа дейін Батыс Қазақстан облысының Орал қаласы прокурорының орынбасары лауазымында қызмет етті.

    Отбасылы, екі бала тәрбиелеп отыр.

    Қызмет барысында I дәрежелі «Прокуратура үздігі» төсбелгісімен, II және III дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медальдарымен марапатталған.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері