
Тастенова Жанат Сейтқанқызы
Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Первомайский кентінің әкімі
Өмірбаян
1979 жылы 19 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы Первомайский кентінде дүниеге келген. Ұлты-қазақ. Білімі жоғары, 2004 жылы Алматы Экономика және статистика Академиясының толық курсын бітіргені туралы диплом алды, "Экономист" біліктілігі берілді, 2006 жылы Шығыс Гуманитарлық институтын "Құқықтану" мамандығы бойынша, 2008 жылы Шығыс Қазақстан өңірлік университетін аяқтаған, юриспруденция бакалавры.
Еңбек жолын 1999 жылдың желтоқсан айында "ҚазОРҒЗИ"АҚ-да хатшы-референт болып бастады. 2006 жылдың сәуір айынан бастап Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданының статистика бөліміне үй шаруашылықтарын зерттеу бойынша маман болып тағайындалды. 2006 жылдың шілде айынан бастап "Первомайский водоканал"салааралық коммуналдық кәсіпорнына бухгалтер болып тағайындалды. 2007 жылдың мамыр айынан бастап "Темірбанк"Акционерлік қоғамының филиалында мәмілелерді сүйемелдеу бөлімінің маманы. Наурыз .2009 жылы Шемонаиха ауданының Первомайский өкілдігінің "№1 Халыққа қызмет көрсету орталығы" ММ инспекторы. 2010 жылдың қыркүйегінен бастап "ШҚО Шемонаиха ауданы Первомайский кенті әкімінің аппараты"мемлекеттік мекемесіне бухгалтер болып тағайындалды. 2011 жылдың ақпан айынан бастап "қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі Первомай медициналық-әлеуметтік мекемесі"мемлекеттік мекемесіне заңгер болып тағайындалды. 2011 жылдың қараша айынан бастап "№1 Халыққа қызмет көрсету орталығы"өңірлік мемлекеттік кәсіпорнына инспектор болып тағайындалды. 2013 жылдың желтоқсан айынан бастап "ШҚО Шемонаиха ауданы Первомайский кенті әкімінің аппараты"ММ әкімінің орынбасары. 2016 жылдың желтоқсан айынан бастап ШҚО Шемонаиха ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік көмек секторының меңгерушісі. 2018 жылдың наурыз айынан бастап "ШҚО Шемонаиха ауданы Первомайский кенті әкімінің аппараты"мемлекеттік мекемесі әкімінің орынбасары.
2021 жылғы 30 қарашадан бастап аудан әкімінің өкімімен Шығыс қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Первомайский кентінің әкімі лауазымына тағайындалды.


