Кеңесбаев Дидар Мұхтарбекұлы

    Шемонаиха ауданының әкімі

    Кеңесбаев Дидар Мұхтарбекұлы
    Аким

    Кеңесбаев Дидар Мұхтарбекұлы

    Шемонаиха ауданының әкімі

    Өмірбаян

    07.04.1984 ж.т., ШҚО Ұлан ауданы Бозанбай ауылының тумасы. Үш жоғары білімі бар: 1) 2001–2006 жж. — Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ, мамандығы — жол қозғалысының инженері; 2) 2016–2018 жж. — Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ, мамандығы — инженер-құрылысшы; 3) 2020 ж. — Қазақстан-Американдық еркін университеті, мамандығы — менеджмент және экономика.

    2006 жылдан бастап құрылыс саласында әртүрлі лауазымдарда еңбек етті. Мемлекеттік қызметті 2015 жылы Шығыс Қазақстан облысының «Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінде бас маман, бөлім басшысы қызметінен бастады. 2018 жылдан 2019 жылға дейін – Өскемен қаласының «Құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары; 2019 жылдан 2021 жылға дейін – Өскемен қаласының «Құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы; 2021 жылдан 2024 жылға дейін – Шығыс Қазақстан облысының «Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы. 2024 жылдың 30 желтоқсанынан бастап қазіргі уақытқа дейін Шемонаиха ауданының әкімі лауазымын атқарып келеді.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері