
Кулумбаев Рустам Алимханұлы
Шемонаиха ауданы Разин ауылдық округінің әкімі
Өмірбаян
1986 жылы 23 мамырда Шығыс қазақстан облысы, Шемонаиха ауданы, Шемонаиха қаласында дүниеге келген. Ұлты-қазақ. 2008 жылы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін "инженер-жерге орналастырушы" мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2008 жылы Шемонаиха ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы лауазымынан бастады. 2012 жылдың қаңтар айынан бастап Шемонаиха ауданы Усть-Таловка кенті әкімінің орынбасары болып тағайындалды. 2014 жылғы тамыздан желтоқсанға дейін Шемонаиха ауданы Первомайский кентінің әкімі болып жұмыс істеді. 2015 жылғы мамырдан 2021 жылғы шілдеге дейін Шемонаиха қаласы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді. 2021 жылдың тамыз айынан бастап Шығыс қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Разин ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.


