Табынчаев Өсербай Рысбайұлы

    Маңғыстау облысының білім басқармасының «Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімі» ММ басшысы

    Бөлім басшысы

    Табынчаев Өсербай Рысбайұлы

    Маңғыстау облысының білім басқармасының «Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімі» ММ басшысы

    Өмірбаян

    Табынчаев Өсербай Рысбайұлы 1978 жылғы 6 тамызда Түрікменстан Республикасының Ташауз облысында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2000 жылы Ш.Есенов атындағы Ақтау университетін «Биология» мамандығы бойынша, 2016 жылы «Тұран-Астана» университетін «Педагогика және психология» мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Еңбек жолын 2000 жылы Жаңаөзен қаласындағы №14 орта мектепте химия пәнінің мұғалімі болып бастаған.

    Әр жылдары Жаңаөзен қаласындағы білім беру ұйымдарында мұғалім, әдіскер, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, білім саласының әдіскері және маманы қызметтерін атқарды. Сонымен қатар №2 орта мектептің, №12 бастауыш мектептің, Гимназия мектебінің және №18 мектептің директоры лауазымдарында еңбек етті.

    2005 жылы Маңғыстау облысының білім департаментінде бас маман қызметін атқарған.

    2017-2018 жылдары «Жаңаөзен қалалық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары болды.

    2018-2019 жылдары Рахат ауылы әкімінің міндетін атқарушы, 2019-2022 жылдары Жаңаөзен қаласына қарасты Рахат ауылының әкімі қызметін атқарды.

    2022-2025 жылдары Маңғыстау облысының білім басқармасына қарасты Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің басшысы қызметін атқарды.

    2025-2026 жылдары Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы болды.

    2026 жылғы 17 маусымнан бастап Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің басшысы қызметін атқаруда.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері