
Шаудірбаев Талғат Қалибайұлы
«Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы
Өмірбаян
Шаудірбаев Талғат Қалибайұлы 1990 жылы 27 қаңтарда Өзбекстан Республикасы, Қарақалпақстанда дүниеге келген. Білім жоғары. 2012 жылы К. Жубанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша, 2016 жылы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін «Көлік, көліктік техника және технологиялар» мамандығы бойынша тәмәмдаған.
20.08.2013 - 14.07.2014 жылдар аралығында «Жаңаөзен қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі, ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас маманы, Жаңаөзен қаласы;
29.07.2014 - 30.11.2016 жылдар аралығында «Жаңаөзен қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, Жаңаөзен қаласы;
02.12.2016 - 23.04.2019 жылдар аралығында Рахат ауылы әкімінің орынбасары, Жаңаөзен қаласы;
24.04.2019 - 02.10.2020 жылдар аралығында «Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы, Жаңаөзен қаласы;
03.11.2022 - 18.12.2022 жылдар аралығында Теңге ауылы әкімінің орынбасары, Жаңаөзен қаласы;
19.12.2022 - 21.01.2025 жылдар аралығында Теңге ауылының әкімі, Жаңаөзен қаласы;
21.01.2025 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы қызметін атқаруда.





