Есенова Дәмелі Қуанқозықызы

    «Жаңаөзен қалалық ішкі саясат бөлімі» ММ басшысы

    Есенова Дәмелі Қуанқозықызы
    Бөлім басшысы

    Есенова Дәмелі Қуанқозықызы

    «Жаңаөзен қалалық ішкі саясат бөлімі» ММ басшысы

    Өмірбаян

    Есенова Дәмелі Қуанқозықызы 1966 жылғы 21 сәуірде Түрікменстан Республикасының Балқан облысында дүниеге келген. 1989 жылы Ашхабад қаласындағы орыс тілі мен әдебиеті педагогикалық институтын тәмамдаған.

    Еңбек жолын 1983 жылы Түрікменстан Республикасындағы Небит-Даг қалалық байланыс торабында хат тасушы қызметінен бастаған.

    1983-1997 жылдары Түрікменстан Республикасында білім беру және жастар саясаты салаларында түрлі қызметтер атқарды, оның ішінде мектепте аға пионер жетекшісі, «Пионерлер үйінде» бөлім меңгерушісі, мұғалімдердің біліктілігін арттыру институтында және Балқан облыстық құрылымдарында бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарды.

    1997-1999 жылдары Жаңаөзен қаласы әкімінің аппаратында жастар саясаты және әлеуметтік инфрақұрылым бағыттары бойынша бас маман қызметтерін атқарды.

    1999-2000 жылдары Маңғыстау облыстық балалар үйінде директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, кейін Маңғыстау облыстық білім басқармасында бас маман қызметтерін атқарды.

    2001-2002 жылдары Маңғыстау облыстық білім басқармасында тәрбие ісі жөніндегі бөлім бастығы қызметін атқарды.

    2002-2005 жылдары Маңғыстау облыстық арнайы кәсіптік мектеп-интернатының директоры болды.

    2005-2007 жылдары Маңғыстау облыстық «Балдырған» балалар қорының атқарушы директоры қызметін атқарды.

    2008-2011 жылдары Маңғыстау облысы әкімінің аппаратында әртүрлі лауазымдарда, оның ішінде бас маман, бөлім меңгерушісі және бас инспектор қызметтерін атқарды.

    2012-2015 жылдары «Жаңаөзен қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің аппарат басшысы қызметін атқарды.

    2015-2018 жылдары «Жаңаөзен қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің персоналды басқару бөлімінің басшысы болды.

    2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Жаңаөзен қалалық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы қызметін атқарып келеді.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері