
Жүгембаева Гүлжан Саламадинқызы
«Жаңаөзен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысы
Өмірбаян
Жүгембаева Гүлжан Саламадинқызы 1968 жылғы 27 ақпанда Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылында дүниеге келген. 1988 жылы Гурьев мәдени-ағарту училищесін «Мәдениет ағарту жұмысы» мамандығын, 2002 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандықтары бойынша тәмәмдаған.
Еңбек жолын 1985 жылы Ералиев атындағы совхозда көмекші жұмысшы болып бастаған.
Әр жылдары мәдениет және білім беру саласында түрлі қызметтер атқарып, ауылдық клуб меңгерушісі, үйірме жетекшісі, мектеп мұғалімі болып жұмыс істеген.
1998-2002 жылдары Жаңаөзен қаласындағы №8 орта мектепте бастауыш сынып және хореография пәнінің мұғалімі болды.
2002-2013 жылдары «Өнер» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында әртүрлі лауазымдарда, атап айтқанда оркестр маманы, көркемдік жетекші, балалар және жастармен жұмыс жасау бөлімдерінің меңгерушісі, сондай-ақ «Гүлдәурен» би ансамблінің жетекшісі қызметтерін атқарды.
2012-2013 жылдары «Ата мұра» МКҚК директорының міндетін атқарушы болды.
2013-2026 жылдары «Ата мұра» МКҚК-ның директоры қызметін атқарды.
2026 жылдан бастап Жаңаөзен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы болып қызмет етуде.




