
Қайнаров Ерлан Төребайұлы
«Жаңаөзен қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ басшысы
Өмірбаян
Қайнаров Ерлан Төребайұлы 1983 жылғы 23 қарашада Өзбекстан Республикасы, Қарақалпақстанда дүниеге келген. Маңғыстау энергетикалық колледжін "Техникалық жабдықтау және машина тұрғызу мекемелерінің жабдықтарын жөндеу" мамандығы бойынша, Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін "Көтеріп тасымалдайтын құрылыс, жол машиналары және жабдықтары" мамандығы бойынша және Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін "Құқықтану" мамандықтары бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2008 жылы Мұнайлы ауданы Атамекен ауылдық округі әкімінің аппаратында инспектор болып бастаған.
Әр жылдары аталған аппаратта бас маман, әкім орынбасарының міндетін атқарушы қызметтерін атқарған.
2010-2019 жылдары Мұнайлы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде, сондай-ақ Маңғыстау облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасында түрлі лауазымдарда қызмет атқарып, бас маман және бөлім басшысының міндетін атқарушы болды.
2019-2020 жылдары Атамекен ауылдық округі әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
2020-2021 жылдары Қызылтөбе ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы, кейін әкімі болды.
2022-2025 жылдары Атамекен ауылдық округінің әкімі қызметін атқарды.
2026 жылдан бастап Жаңаөзен қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы болып қызмет атқаруда.





