
Джалгасбаева Аида Қойшыбайқызы
«Жаңаөзен қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ басшысы
Өмірбаян
Джалгасбаева Аида Қойшыбайқызы 1970 жылғы 27 ақпанда Түрікменстан Республикасының Балқан облысында дүниеге келген. Жоғары білімді. 1990 жылы Ашхабат гидромелиоративтік техникумын «Инженер-геодезист» мамандығы бойынша, 1995 жылы Түрікменстан политехникалық институтын «Өндірістік технология кешендері қондырғыларын электрлік автоматтандыру» мамандығы бойынша, 2019 жылы Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1990 жылы Түрікменстан Республикасындағы «ТуркменНИПИнефть» мекемесінде техник ретінде бастаған.
1990-1999 жылдары «ТуркменНИПИнефть» мекемесінде техник, 2-санатты техник және инженер қызметтерін атқарды.
2000-2005 жылдары Жаңаөзен қаласындағы №3 КТМ-де лаборант және шебер қызметтерін атқарды.
2005 жылы «DZET Group» ЖШС-нің Маңғыстау филиалында Жаңаөзен қалалық филиалының өкілі қызметін атқарды.
2006 жылы Маңғыстау ғылыми-өндірістік орталығының Жаңаөзен қалалық филиалында техник-жерге орналастырушы қызметін атқарды.
2006-2013 жылдары «Жаңаөзен қалалық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде бас маман қызметін атқарды.
2013-2023 жылдары «Жаңаөзен қалалық дене тәрбиесі және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінде бас маман қызметін атқарды.
2023 жылғы 3 сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін Жаңаөзен қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының міндетін атқаруда.




