
Жұмабаев Марғұлан Бақытғаниұлы
Бөлім басшысы
Өмірбаян
Жұмабаев Марғұлан Бақытғаниұлы – 1992 жылы Қазалы ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары, Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «мұнай газ ісі» және Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетін «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары бойынша бітірген
Еңбек жолын 2016 жылы Әйтеке би кенті әкімі аппаратының қызметкері болып бастаған.
2018-2022 жылдары аудандық мемлекеттік сатып алу бөлімінің әдіскері;
2022-2024 жылдар аралығында Қазалы ауданы әкімі аппаратының әдіскері;
2024 жылдан бастап 2026 жылдың қазан айына дейін Қазалы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және инспекторлық жұмысы бөлімінің бас маманы.
2026 жылдың қазан айынан бастап осы уақытқа дейін қаржы-шаруашылық бөлімінің басшысы қызметін атқарып келеді.





