
Абдуллаев Бақытбек Аманжолұлы
Бөлім басшысы
Өмірбаян
Абдуллаев Бақытбек Аманжолұлы 1971 жылы 25 мамырда Қызылорда облысы Қазалы ауданы Ү.Түктібаев ауылында дүниеге келген. 1988 жылы N88 қазақ орта мектебін бітірді, 1988-1989 жылдары Ү.Түктібаев кеңшарында механизатор болып жұмыс істеді. 1992-1996 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Иссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
1996 жылдан 1998 жылға дейін Қазалы ауданы прокурорының көмекшісі болып жұмыс істеді.
1998-2000 жылдары - Қазалы ауданы прокурорының аға көмекшісі.
2001 жылдан 2003 жылға дейін Жаңақорған облысы прокурорының аға көмекшісі болып жұмыс істеді.
2003-2004 - Қазалы ауданы прокурорының орынбасары.
2004-2009 жылдары - Арал ауданы прокурорының орынбасары.
2009-2015 - Байқоңыр қаласы прокурорының орынбасары.
2018 жылдан бастап Қазалы ауданы әкімі аппараты КММ-нің «Мемлекеттік құқықтық жұмыстары» бөлімінің басшысы болып қызмет атқарып келеді.




