Бөрқұлақов Ақтілеу Талайлыұлы

    Қазалы аудандық жұмыспен қамту,әлеуметтік бағдарламалар бөлім басшысының орынбасары

    Бөрқұлақов Ақтілеу Талайлыұлы
    Заместитель руководителя отдела

    Бөрқұлақов Ақтілеу Талайлыұлы

    Қазалы аудандық жұмыспен қамту,әлеуметтік бағдарламалар бөлім басшысының орынбасары

    Өмірбаян

    Бөріқұлақов Ақтілеу Талайлыұлы 1982 жылы 7 қыркүйекте Жаңақазалы поселкесінде дүниеге келген. 1989 жылы Қожабахы ауылындағы № 25 мектептің 1 сыныбына қабылданып, 1999 жылы Әйтеке би кентіндегі №249 Счастнов атындағы қазақ-орыс мектебін бітірген. 2003 жылы Ақтөбе қаласындағы Алматы экономика және статистика академиясы Ақтөбе филиалын бітірген.

    Еңбек жолын 2004 жылы Қазалы аудандық денсаулық сақтау бөлімі Ү.Түктібаев ауылдық емханасында есепші болып бастаған.

    2005-2006 жылдар аралығында «Қазалы Жарығы» ЖШС-нің есепшісі,

    2007-2008 жылдары аудандық ішкі саясат бөлімінде бас маман,

    2008-2011 жылдары аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы,

    2011-2012 жылы аудан әкімі аппараты ұйымдастыру және кадр бөлімінің бас маманы,

    2012-2017 жылдары аудандық Қаржы бөлімі басшысының орынбасары,

    2017-2018 жылдары Ақжона ауалдық округі әкімі,

    2018 жылдың желтоқсанынан бастап 2025 жылды сәуір айына дейін Қазалы аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы қызметін атқарды.

    2025 жылдың сәуір айынан бастап Қазалы аудандық жұмыспен қамту,әлеуметтік бағдарламалар бөлім басшысының орынбасары қызметін атқарып келеді.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері