Бабанаев Совет Кеңесұлы

    Қазалы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы

    Бабанаев Совет Кеңесұлы
    Руководитель отдела

    Бабанаев Совет Кеңесұлы

    Қазалы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы

    Өмірбаян

    Совет Бабанаев – 1965 жылы Қазалы ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары, Қарағанды кооперативтік институтын «бухгалтерлік есеп және шаруашылық қызметін талдау», Қазақ гуманитарлық заң университетін «заңгер» мамандықтары бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 1986 жылы Қазалы аудандық дайындау кеңсесінде қосалқы ауылшаруашылығының есепшісі болып бастап, 1988 жылдың маусым айына дейін Қарулы күштер қатарында әскери борышын өтеген. 1988-1992 жылдары Қазалы аудандық Тұтынушылар одағының бас бухгалтер орынбасары, Қызылорда облыстық көтерме балық қоймасының бас есепшісі, 1992-1999 жылдары Қызылорда облысы бойынша салық инспекциясының салық инспекторы, салық комитетінің сектор меңгерушісі, аудит және өндіріп алу басқармасының бөлім бастығы, 1999-2014 жылдары Ақмола облысы бойынша салық комитеті төрағасының орынбасары, Қазалы, Арал, Жалағаш аудандарында салық басқармаларының бастығы, 2014-2016 жылдары Қызылорда облысы бойынша салық департаментінің салық заңнамасын түсіндіру басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.

    2016 жылдың мамыр айынан бастап 2018 жылдың желтоқсан айына дейін Қазалы ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

    2018 жылдың желтоқсан айынан бастап осы кезге дейін Қазалы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі басшысы қызметін атқарып келеді.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері