
Жақсылықов Есенғали Нұрғараұлы
Бөлім басшысы
Өмірбаян
Жақсылықов Есенғали Нұрғараұлы 1986 жылы туған, ұлты қазақ, білімі жоғары.
2008 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Фермер-менеджер», 2016 жылы «Экономика» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2009 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және техникалық саясат бөлімінің жетекші маманы болып бастаған.
2010-2014 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және ауылдық кооперацияларды дамыту бөлімінің бас маманы;
2014-2015 жылдары Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасының бірінші дәрежелі сарапшысы;
2015-2019 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы мал шаруашылығы бөлімінің бас маманы, экономикалық талдау, жоспарлау және жинақтау бөлімінің басшысы;
2019-2022 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық дамыту басқармасы әкімшілік-құқықтық бөлімінің басшысы, басқарма басшысының орынбасары;
2022-2024 жылдары «Индустриялық аймақ» «ТАРАЗ» басқарушы компаниясы» ЖШС-нің менеджері;
2025-2026 жылдары Тараз қаласы әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі әлеуметтік көмек секторының бас маманы;
2026 жылдың тамыз айынан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы мал шаруашылығы және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, ауыл шаруашылығы кооперативтерін және аумақтарды дамыту, микроқаржыландыру бөлімінің басшысы.





