Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы
«Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ауыл шаруашылығы саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Жаңалықтар
Құжаттар
2026 жылдың ІІ тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша есебі
Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының 2026 жылдың ІІ-ші тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтердің талдамалық анықтамасы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы тарапынан 12 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. 2026 жылдың ІІ тоқсанында Басқармаға мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша 1 637 өтінім келіп түсті. Есепті кезеңде 296 өтінім бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылды. 2 өтінім бойынша тұқым өндірушіні аттестаттау мемлекеттік қызметі көрсетілді. 2026 жылдың ІІ тоқсанында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдану фактілері тіркелмеген және мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерінің бұзылу жағдайлары орын алған жоқ. 2026 жылдың сәуір–маусым айлары аралығындағы «ХҚКО ЫАЖ Мониторинг» жүйесінен алынған жүктелімге сәйкес, Басқарма тарапынан мерзімі бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер анықталған жоқ.
2026 жылдың І тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша есебі
Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының 2026 жылдың І-ші тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтердің талдамалық анықтамасы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы тарапынан 11 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. 2026 жылдың І тоқсанында Басқармаға мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша 1 178 өтінім келіп түсті. Есепті кезеңде 66 өтінім бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылды. 2026 жылдың І тоқсанында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдану фактілері тіркелген жоқ. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерінің бұзылу жағдайлары орын алған жоқ. Есепті кезеңде Басқарма тарапынан 1 лицензия беріліп, 1 өтінім бойынша тұқым өндірушіні аттестаттау мемлекеттік қызметі көрсетілді. Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және қызмет алушылардың ақпараттандырылуын қамтамасыз ету мақсатында Басқарманың мемлекеттік қызметтерге жауапты мамандары ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен тұрақты түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. 2026 жылдың қаңтар–наурыз айлары кезеңі бойынша «ХҚКО ЫАЖ Мониторинг» жүйесінен алынған жүктелімге сәйкес, Басқарма тарапынан мерзімі бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер анықталған жоқ.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізілімі
Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы агроөнеркәсіп кешенін дамыту және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді мемлекеттік қолдау мақсатында барлығы 15 мемлекеттік қызмет көрсетеді. Оның ішінде12 мемлекеттік қызмет субсидиялау бағытында,3 мемлекеттік қызмет аттестаттау және лицензиялау бағытындажүзеге асырылады. Субсидиялау бағытындағы мемлекеттік қызметтер: Сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау; Инвестициялық субсидиялау; Қайта өңдеуді субсидиялау; Суарудың су үнемдейтін технологияларын енгізуге бағытталған инвестициялық салымдар кезінде ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiнің шеккен шығыстарының бір бөлігін өтеу жөніндегі; Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау; Басым дақылдар өндірісін дамытуды субсидиялау; Пестицидтердің, биоагенттердің (этномофагтардың) құнын субсидиялау; Тыңайтқыштар құнын субсидиялау; Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау; Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау; Мал шаруашылығын субсидиялау; Ағын су шығындарын субсидиялау. Аттестаттау және лицензиялау бағытындағы мемлекеттік қызметтер: Тұқым өндірушілерді аттестаттау; Пестицидтерді қолдануға лицензия беру; Астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру.