2026 жылдың І тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша есебі

    Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы

    Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының 2026 жылдың І-ші тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтердің талдамалық анықтамасы

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы тарапынан 11 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

    2026 жылдың І тоқсанында Басқармаға мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша 1 178 өтінім келіп түсті. Есепті кезеңде 66 өтінім бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылды.

    2026 жылдың І тоқсанында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдану фактілері тіркелген жоқ. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерінің бұзылу жағдайлары орын алған жоқ.

    Есепті кезеңде Басқарма тарапынан 1 лицензия беріліп, 1 өтінім бойынша тұқым өндірушіні аттестаттау мемлекеттік қызметі көрсетілді.

    Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және қызмет алушылардың ақпараттандырылуын қамтамасыз ету мақсатында Басқарманың мемлекеттік қызметтерге жауапты мамандары ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен тұрақты түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

    2026 жылдың қаңтар–наурыз айлары кезеңі бойынша «ХҚКО ЫАЖ Мониторинг» жүйесінен алынған жүктелімге сәйкес, Басқарма тарапынан мерзімі бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер анықталған жоқ.

    Ұқсас материалдар

    Тізбе

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесі

    Есеп

    2026 жылдың ІІ тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша есебі

    Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының 2026 жылдың ІІ-ші тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтердің талдамалық анықтамасы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Жамбыл облысы әкімдігі...

    Тізілім

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізілімі

    Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы агроөнеркәсіп кешенін дамыту және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді мемлекеттік қолдау мақсатында барлығы 15 мемлекеттік қызмет көрсетеді. Оның ішінде12 мемлекет...

    Анықтама

    Ішкі талдау анықтамасы

    Жоспар

    Ішкі талдау жоспары