Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізілімі

    Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы

    Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы агроөнеркәсіп кешенін дамыту және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді мемлекеттік қолдау мақсатында барлығы 15 мемлекеттік қызмет көрсетеді. Оның ішінде 12 мемлекеттік қызмет субсидиялау бағытында,3 мемлекеттік қызмет аттестаттау және лицензиялау бағытында жүзеге асырылады.

    Субсидиялау бағытындағы мемлекеттік қызметтер:

    1. Сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау;
    2. Инвестициялық субсидиялау;
    3. Қайта өңдеуді субсидиялау;
    4. Суарудың су үнемдейтін технологияларын енгізуге бағытталған инвестициялық салымдар кезінде ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiнің шеккен шығыстарының бір бөлігін өтеу жөніндегі;
    5. Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау;
    6. Басым дақылдар өндірісін дамытуды субсидиялау;
    7. Пестицидтердің, биоагенттердің (этномофагтардың) құнын субсидиялау;
    8. Тыңайтқыштар құнын субсидиялау;
    9. Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау;
    10. Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау;
    11. Мал шаруашылығын субсидиялау;
    12. Ағын су шығындарын субсидиялау.

    Аттестаттау және лицензиялау бағытындағы мемлекеттік қызметтер:

    1. Тұқым өндірушілерді аттестаттау;
    2. Пестицидтерді қолдануға лицензия беру;
    3. Астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру.
    Жүктеу
    500059e608a6b6348ed5306446077383_original.14062.xlsx
    XLSX · 14 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Тізбе

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесі

    Есеп

    2026 жылдың ІІ тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша есебі

    Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының 2026 жылдың ІІ-ші тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтердің талдамалық анықтамасы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Жамбыл облысы әкімдігі...

    Есеп

    2026 жылдың І тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша есебі

    Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының 2026 жылдың І-ші тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтердің талдамалық анықтамасы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Жамбыл облысы әкімдігін...

    Анықтама

    Ішкі талдау анықтамасы

    Жоспар

    Ішкі талдау жоспары