
Өмірбаян
Мекебай Ерлан Нұрланұлы1992 жылы туған, ұлты қазақ, білімі жоғары.
2014 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетін «Есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірген.
2016 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетін «Есеп және аудит» мамандығы бойынша экономика және бизнес магистрі ғылыми дәрежесін иеленген.
Сонымен қатар, 2018 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік Университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2017 жылы «Казкоммерцбанк» АҚ-ның Тараз қаласындағы бас филиалында жеке тұлғаларға қызмет көрсету менеджері болып бастаған.
01.02.2018 - 28.07.2018 жылдары «Казкоммерцбанк» АҚ-ның Тараз қаласындағы бас филиалында кіші және орта бизнес бөлімінің 1-санаттағы менеджері;
28.07.2018 - 14.11.2018 жылдары «Казкоммерцбанк» АҚ-ның «Қазақстанның Халық Банкі» АҚ-мен бірігуіне байланысты, «Қазақстанның Халық Банкі» АҚ-ның Тараз қаласындағы бас филиалының кіші бизнеске сату орталығының менеджері;
14.11.2018 - 07.06.2019 жылдары «Қазақстанның Халық Банкі» АҚ-ның Тараз қаласындағы бас филиалының кіші бизнеске сату орталығының бас менеджері;
16.07.2019 - 15.08.2022 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы Министрілігінің Ішкі мемлекеттік аудит Комитетінің Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінде камералдық бақылау бөлімінің бас маманы.
2022-2023 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы инвестиция және инновация бөлімінің басшысы;
2023 жылдың тамыз айынан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы инвестиция-инновация, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мониторингі және цифрландыру бөлімінің басшысы.