
Өмірбаян
Сабыр Балаби 1997 жылы туған, ұлты қазақ, білімі жоғары, ауыл шаруашылығы ғылымдарының магистрі.
2019 жылы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін «Аграрлық техника және технология» бакалавры, 2021 жылы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін «Агроинженерия» магистрі және 2024 жылы Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтын «Экономика» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2019 жылы Астана қаласындағы «Leetorell» ЖШС-нің бригадирі болып бастаған.
2020-2021 жылдары Астана қаласындағы «Бейбітшілік kz» ЖШС директоры;
2021-2022 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы егін шаруашылығы бөлімінің статисті;
2022-2024 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы мемлекеттік астық, тұқым және техникалық инспекциясы бөлімінің бас маманы;
2024-2026 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы егін шаруашылығы, мемлекеттік астық, тұқым және техникалық инспекциясы бөлімінің бас маманы;
2026 жылдың қаңтар айынан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы экономикалық талдау, жоспарлау, ұйымдастыру, ақпаратпен қамтамасыз ету, құқықтық, құжаттама және бақылау бөлімінің басшысы.





