
Қадыров Балтабек Қазиұлы
Қоғамдық-саяси жағдай және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Жалпы ақпарат, білімі
1995 жылғы 5 маусымда Сәтбаев қаласында дүниеге келген. Жоғары білімі бар.
2017 жылы Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін «Қаржы» мамандығы бойынша, ал 2019 жылы аталған университетті «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Мансап
Еңбек жолын 2017 жылы «Қазкоммерцбанк» АҚ Жезқазған филиалында менеджер-консультант болып бастаған.
2022 жылғы қарашадан 2023 жылғы қаңтарға дейін Жезқазған қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының заң бөлімінде бас маман міндетін атқарушы қызметін атқарды.
2023 жылғы қаңтардан сәуірге дейін Ұлытау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының сумен жабдықтау және су бұру бөлімінде бас маман міндетін атқарушы болды.
2023 жылғы 6 сәуірден 2026 жылғы 19 ақпанға дейін аталған басқарманың сумен жабдықтау және су бұру бөлімінің бас маманы қызметін атқарды.
2026 жылғы 2 наурыздан 1 шілдеге дейін Ұлытау облысының қоғамдық даму басқармасының ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі бөлімінің басшысы қызметін атқарды.
2026 жылғы 2 шілдеден бастап Ұлытау облысының ішкі саясат басқармасының қоғамдық-саяси ахуал мен идеологиялық жұмысты ұйымдастыру бөлімінің басшысы қызметін атқарып келеді.



