
Ескендирова Торғын Төлегенқызы
– «Ұлытау облысының қоғамдық даму басқармасы»ММ ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Торғын Төлегенқызы 1993 жылы Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданында дүниеге келген.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Журналистика» және аталған оқу орнының магистратурасын «Халықаралық журналистика» мамандықтары бойынша тәмамдаған.
Польшаның А.Мицкевич университетінде ғылыми тәжірибеден өткен.
• «ADAM Media Company» ЖШС телевизиялық жобаларында PR-менеджер, редактор;
• Қазақстан Республикасының «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінде менеджер;
• Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ЮНЕСКО халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасында оқытушы;
• «Adyrna.kz» ақпарат агенттігінде шеф-редактор;
• Жезқазған қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы, Ішкі саясат бөлімінде бас маман, сектор меңгерушісі;
• Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының инспекторы;
• ҚР Сот әкімшілігі Ұлытау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі бөлімінің басшысы



