
Клекова Дана Мұратқызы
Жастар саясатын, этносаралық қатынастарды дамыту, саяси партиялар және үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Жалпы ақпарат, білімі
Клекова Дана Муратовна 1992 жылғы 21 сәуірде Ұлытау облысының Жезқазған қаласында дүниеге келген. Жоғары білімі бар.
2014 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін «Заңгер» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Мансабы
Еңбек жолын 2022 жылғы 21 желтоқсанда Ұлытау облысының ішкі саясат басқармасының этносаралық қатынастар мен діни ахуалды талдау бөлімінің бас маманы қызметінен бастады.
2023 жылғы 3 наурыздан бастап аталған бөлімде бас маман қызметін атқарды.
2023 жылғы 31 тамыздан бастап жастар саясатын, этносаралық қатынастарды дамыту, саяси партиялар және үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс бөлімінің бас маманы қызметін атқарды.
2025 жылғы 14 мамырдан бастап қоғамдық-саяси ахуал мен идеологиялық жұмысты ұйымдастыру бөлімінің бас маманы қызметін атқарды.
2026 жылғы 4 ақпаннан бастап Ұлытау облысының ішкі саясат басқармасының жастар саясатын дамыту, этносаралық қатынастар, саяси партиялар және үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс бөлімінің басшысы қызметін атқарып келеді.

