Мұғауова Баян Орынбасарқызы

    Орталық директоры

    Өмірбаян

    Облыстық басқарма басшысы П.Хасановтың бұйрығымен Мұғауова Баян Орынбасарқызы басқармаға қарасты №3 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының директоры лауазымына тағайындалды.

    Б. Мұғауова 1 қыркүйек 1967 жылы Атырау облысы Махамбет ауданы Махамбет селосында дүниеге келді.

    1984 жылы Махамбет орта мектебін аяқтап, Атырау Педагогикалық колледжін, одан кейін Х.Досмухамедов атындағы мемлекеттік университетін тәмамдап, «бастауыш сынып мұғалімі» мамандығын алған.

    Еңбек жолын 1987 жылы Махамбет селосындағы Атырау облыстық Көмекші мектеп интернатында бастауыш сынып мұғалімі қызметінен бастап, 2002–2015 жылдары «Алтын балық» бөбекжай бақшасында меңгеруші, Атырау қаласындағы «Ақбота», Сабыр Қазыбаев атындағы жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар үйінде тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 2015 жылдан бүгінгі күнге дейін № 29 «Нұрсая», «Дарын» бөбекжай бала бақшаларында меңгеруші қызметтерін атқарып келген.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері