Бижанова Галия Адилбековна

    Орталық директоры

    Өмірбаян

    1980 жылы 6 сәуірде Атырау (Гурьев) облысы Атырау (Гурьев) қаласында дүниеге келген.

    Жоғары білімді. 2000 жылы Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетін «Құқық негіздері және экономика» мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 2000 жылы «АТФ-Полис» сақтандыру компаниясының сақтандыру агенті қызметінен бастаған.

    2000-2001 жылдары Атырау облыстық Қаржы полициясының әкімшілік-қаржылық бөлімінің инспекторы;

    2001-2002 жылдары Облыстық денсаулық сақтау басқармасында жетекші маман, кадр мәселесі жөніндегі бас маман;

    2002-2012 жылдары Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының қаржы және құқық бөлімінің бас маманы, қоғамдық-саяси бөлімінің бас маманы, саяси партиялармен және діни бірлестіктермен жұмыс бөлімінің бас маманы;

    2012-2013 жылдары Атырау облысы Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің балалардың құқықтарын қорғау бөлімінің бас маманы;

    2013-2014 жылдары Атырау облысы Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында кітапханашы, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;

    2015-2022 жылдары Атырау облысы Кәмелетке толмағандарды әлеуметтік бейімдеу орталығы мемлекеттік мекемесінің директоры;

    2022 жылдың 13 шілдесінде Атырау облыстық мүгедектерді сауықтыру орталығының директоры болып тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері