
Каюпова Анар Маратқызы
Орталық директоры
Өмірбаян
1972 жылғы 31 мамырда Атырау қаласында дүниеге келген.
1989 жылы Атырау педагогикалық институтына оқуға түсіп, 1994 жылы Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «Қазақ сыныбындағы орыс тілі» мамандығы бойынша тәмамдады.
2016–2018 жылдары Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде «Дефектология/Логопедия» мамандығы бойынша білім алды.
1995 жылы Атырау қаласындағы №21 Жамбыл Жабаев атындағы орта мектепте мұғалім болып еңбек жолын бастады.
2000 жылы облыстық «Балалардың денсаулығын қалпына келтіру орталығында» Дефектолог мамандығы бойынша қызмет атқарды.
2005–2007 жылдары облыстық «Балаларды сауықтыру орталығында» Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
2007–2014 жылдары Атырау облысы Балалардың құқықтарын қорғау департаментінде бас маман қызметінде болды.
2014–2021 жылдары Атырау облысы Білім беру басқармасының Қорғаншылық және қамқоршылық бөлімінің басшысы қызметін атқарды.
2021–2025 жылдары «Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты №3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметін атқарды.
2025 жылғы қазан айынан бастап «Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының “Алмалы” мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметін атқарып келеді.





