Өмірқалықова Гаухар Болатқызы
Ішкі аудит қызметінің басшысы – Алматы қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік аудитшісі
Өмірбаян
Өмірқалықова Гаухар Болатқызы 1989 жылғы 18 мамырда Алматы облысында дүниеге келген.
2011 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша, 2024 жылы «Q»-UNIVERSITY университетін «қаржы» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2011 жылы Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында бас маман ретінде бастаған.
2013–2014 жылдары «Алматыэлектротранс» ЖШС-де бухгалтер, аға бухгалтер болып жұмыс істеген.
2014–2015 жылдары – «Trans Mass Media» ЖШС және «TransMedia KZ advertising» ЖШС-де бухгалтер.
2015–2017 жылдары – Алматы облысы Іле ауданы әкімдігінің бас маманы.
2017–2019 жылдары – Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бас маманы, бөлім басшысы.
2019–2022 жылдары – Алматы қаласы Энергия тиімділігі және инфрақұрылымдық даму басқармасының бөлім басшысы.
2022–2024 жылдары – Алматы қаласы Қаржы басқармасы басшысының орынбасары.
2024–2026 жылдары – Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясының бас инспекторы – мемлекеттік аудиторы.
2026 жылғы шілдеден бастап – Алматы қаласы әкімі аппаратының Ішкі аудит қызметінің басшысы –мемлекеттік аудиторы





