
Қасымжан Олжас Нұржанұлы
Алматы қаласы әкімі аппараты қалалық инфрақұрылым және тұрақты даму бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Қасымжан Олжас Нұржанұлы 1994 жылы дүниеге келген.
University of Exeter (Ұлыбритания) университетін «Азаматтық құрылыс» мамандығы бойынша, сондай-ақ Ресей Федерациясының Мәскеу қаласындағы «И.М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университеті (ұлттық зерттеу университеті)» жоғары білім беру федералдық мемлекеттік бюджеттік мекемесін «Іскерлік әкімшілендіру магистрі (MBA)» бағдарламасы бойынша «Энергетикалық бизнесті басқару» және «Жобаларды басқару» бағыттарымен тәмамдаған.
2017-2019 жылдары – BUILDTEC CONTRACTORS LLC компаниясында инженер-құрылысшы, Дубай қ., БАӘ.
2019-2020 жылдары – Фиркрофт Инжиниринг Сервисез Лимитед Казахстан жобасының маманы, Атырау қ.
2020-2022 жылдары – ТаразҚұрылысИнвест компаниясында бас директордың орынбасары, Тараз қ.
2022-2023 жылдары – КМГ Кашаган тасымалдау және маркетинг департаментінің жетекші маманы, Астана қ.
2024-2025 жылдары – Тургай-Петролеум бас инженердің орынбасары, Қызылорда қ.
2025 жылғы қыркүйек – 2026 жылғы сәуір – Алматы қаласы әкімдігі аппаратының қалалық инфрақұрылым және тұрақты даму бөлімінің бас инспекторы.
2026 жылғы 13 сәуірден бастап – Алматы қаласы әкімдігі аппаратының қалалық инфрақұрылым және тұрақты даму бөлімінің басшысы.




