Зақарья Алтынай Толқынқызы

    Бірыңғай персоналды басқару қызметінің басшысы

    Зақарья Алтынай Толқынқызы
    Руководитель отдела

    Зақарья Алтынай Толқынқызы

    Бірыңғай персоналды басқару қызметінің басшысы

    Өмірбаян

    Закарья Алтынай Толқынқызы 1992 жылы 9 тамызда дүниеге келген.

    2014 жылы Қаржы полициясы академиясын «құқықтану» мамандығы бойынша, 2021 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын «адам ресурстарын басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Жоғары білімі бар.

    2010–2014 жж. — Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы академиясының тыңдаушысы (Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қосшы ауылы).

    2014 ж. — Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің құпиялылық режимін қамтамасыз ету бөлімінің инспекторы, Өскемен қаласы.

    2015 ж. — Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау және анықтау бөлімінің консультанты міндетін атқарушы.

    2015–2016 жж. — Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің Әкімшілік басқармасының мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімінің консультанты.

    2016 ж. — Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Астана қаласы бойынша департаментінің Әкімшілік басқармасының құжаттамалық қамтамасыз ету жөніндегі бас маманы.

    2016–2017 жж. — Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің Әкімшілік басқармасының құжаттамалық қамтамасыз ету жөніндегі бас маманы.

    2017–2018 жж. — Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік құпияларды қорғау департаментінің мемлекеттік құпияларды қорғау басқармасының бас сарапшысы, Астана қаласы.

    2018–2019 жж. — Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпараттық қауіпсіздік басқармасының бас сарапшысы, Астана қаласы.

    2019–2021 жж. — Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпараттық қауіпсіздік басқармасының бас сарапшысы, Нұр-Сұлтан қаласы.

    2021–2022 жж. — Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызмет департаментінің мемлекеттік қызмет өткеру басқармасының сарапшысы, Нұр-Сұлтан қаласы.

    2022 ж. — Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызмет өткеру департаментінің мемлекеттік қызмет өткеру басқармасының сарапшысы, Нұр-Сұлтан қаласы.

    2022–2024 жж. — Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызмет өткеру департаментінің мемлекеттік қызмет өткеру басқармасының бас сарапшысы, Нұр-Сұлтан қаласы.

    2024 жылғы 17 қаңтардан бастап — Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызмет өткеру департаментінің мемлекеттік қызмет өткеру басқармасының бас консультанты, Астана қаласы.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері