
Әбдіғаппарұлы Сұлтан Әбдіғаппар
Депутат Жетысайского районного маслихата восьмого созыва
Өмірбаян
Әбдіғаппарұлы Сұлтан
Өмір дерек: Әбдіғаппарұлы Сұлтан 1996 жылы 31 наурызда қазіргі Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Жетісай қаласында дүниеге келген. Ұлты – қазақ.
Білім және Еңбек Жолы
2011-2014 жылдары Евразиялық Гуманитарлық институтының колледжінде заңгер мамандығы бойынша білім алды.
2014-2017 жылдары Астана қаласындағы «КазГЮУ» университетінде құқықтану мамандығы бойынша оқып, заңгер біліктілігін меңгерді.
Еңбек жолын 2017 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін «Күлпаршын базары» ЖШС-де директор қызметін атқаруда.
Кәсіпкерлік қызметі және қоғамдағы белсенділігі:
Жетісай ауданы, Жетісай қаласында 1500 адам сауда жасайтын орталық «Күлпаршын» ЖШС базарын басқарып, кәсіпкер ретінде маңызды қадамдар жасады. Одан бөлек көптеген адамдардың денсаулығына септігін тигізіп келе жатқан «Күлпаршын» ЖШС диагностикалык орталығы мен ерекше қажеттілікке ие балалар мен жасөспірімдерге арналған «Балдаурен» оңалту орталығы ашылуна себепкер болып тұрақты даму мен нәтижелі жұмыс атқаруға қол жеткізді.
Қоғамдық Қызметі
Әбдіғаппарұлы Сұлтан қоғамдық белсенділігі де үлкен маңызға ие. Ол 2025 жылы VІIІ шақырылымда Жетісай аудандық мәслихатының депутаты болып, халықтың әлеуметтік және экономикалық мәселелерін шешуге өз үлесін қосуда.
Жанұясы
Сұлтан Әбдіғаппарұлы жанұялы адам. Жұбайы екеуі бір ұл, бір қыз тәрбиелеп отыр. Олар өз отбасында жоғары білім, тәрбие мен мәдени құндылықтарды сақтап, балаларына жақсы тәрбие беруге, оларды өмірге дұрыс бағытта дайындауға барынша күш салып келеді.





