Асауов Әділхан Жолдасұлы

    Сегізінші шақырылымдағы Жетісай аудандық мәслихатының депутаты

    Асауов Әділхан Жолдасұлы
    Депутат маслихата

    Асауов Әділхан Жолдасұлы

    Сегізінші шақырылымдағы Жетісай аудандық мәслихатының депутаты

    Өмірбаян

    Өмірбаян Өмірбаян Өмірбаян

    Мен, Асауов Әділхан Жолдасұлы, 1960 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай ауданында дүниеге келдім.

    1977 жылы «Ангрен» техникумының «Экономист» мамандығын алдым.

    Еңбек жолын 1979 жылы мақта заводында есепші болып бастадым. 1980-82 жылдар Отан алдындағы борышымды өтеп, 1982 жылы Абай колхозында экономист болып жұмыс атқардым. 1983-1984 жылы комсомол хатшысы. 1984-1989 жылдар арасында Алматы халық шаруашылығы институтында «Экономист есепші» мамандығын алдым. 1990-1995 жылдар Абай колхозында Кәсіподақ комитетінің төрағасы. 1995-97 жылдар Абай колхозының бас есепшісі. 2011-2016 жылдар арасында Мақтаарал аудандық қазынашылық басқармасының басшысы. 2016-2019 жылдар Мақтаарал ауданының ветеринариялық қызметінің диреторы. 2019 жылдан қазіогі уақытқа дейін «AMANAT» партиясы Жетісай аудандық филиалының төрағасы болып жұмыс атқарып келемін.

    1999 жылдан бері Мақтаарал және Жетісай ауданы мәслихатының 5 шақырылым депутаты болдым. Ауданның құрметті азаматымын.

    «Ерен еңбегі үшін» медалі, Аудан әкімінің «Құрмет» грамотасы, ҚР Президентінің «Алғыс» хатымен марапатталдым. Төрт баланың әкесімін (екі ұл, екі қыз).

    №4 САЙЛАУ ОКРУГІ

    БОЙЫНША ЖЕТІСАЙ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТТЫҒЫНА ҮМІТКЕР АСАУОВ ӘДІЛХАН ЖОЛДАСҰЛЫНЫҢСАЙЛАУНАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

    Құрметті сайлаушылар!

    Мен өз-өзімді кандидат ретінде ұсынып осы науқанда депутат болып сайланған жағдайдағы басты мақсатым Жетісай ауданы тұрғындарының өмір сүру сапасын, әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға ықпал етемін.

    Өңіріміздің бірінші күнкөрісі ауылшаруашылыққа байланысты болуына себеп шаруа қожалықтарын қолдау. Жанар-жағар майларды уақытылы жеткізуге, біздің өңір сай жерде орналасуына байланысты аудандағы тік-дренаждарды іске қосуға;

    Шаруаларға жеңілдетілген минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз етуге және зиянкестерге қарсы биоагенттерді субсидиялауға;

    Жетісай қаласы А.Байтұрсынов, С.Ерубаев, Амангелді көшелерін күрделі жөңдеуден өткізуге; 2023 жылы 4-ші деңгейлі бюджет есебінен Б.Момышұлы, Ш.Қалдаяқов көшелеріне жарықтандыру жұмыстарын жүргізу жоспарланған. 2022-2023 жылдарға жергілікті 4-ші деңгейдегі бюджет есебінен көп пәтерлі тұрғын үйлердің арасындағы ішкі жолдарды абаттандыру және асфальтбеотон жабынын жабу жұмыстарын жүргізуге; Жетісай қаласы ішіндегі қоқыс жиналу және тасымалдау мәселесін шешуге;

    Тұрмысы төмен отбасыларға мемлекет тарапынан көрсетілетін әлеуметтік көмектердің қолжетімдігін қамтамасыз ету, ардагерлерді, мүгедектерді, көп балалы аналарды сауықтыру шараларымен қамтамасыз етуге, жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтуға;

    «Жас кәсіпкер» жастар бизнес-бастамаларының бағдарламаларын іске асырып, жастардың өз бизнестерін ашу мәселесін көтеруге, жастардың жұмыссыздық деңгейін төмендетуге;

    Аудан ішіндегі көшелерді асфальттау, тозығы жеткен электр бағаналарын жақсарту, мектеп, балабақша, медицина нысандарына баратын жолдарды, түнгі жарық шамдарын көбейтуге;

    Медициналық қызмет көрсету сапасы мен қолжетімділікті арттыру мақсатында медициналық пункт, IV санаттағы жедел жәрдем бригадасына автокөліктерсатып алуға, 2027 жылға дейін алғашқы медициналық көмек көрсету емханасын салуға, тәжірибелі дәрігер,окулист,ЛОР,акушер-гинеколог, хирург, неонатолог, онколог, дерматолог, жалпы саны 17 дәрігер тапшылығын шешуге;

    Сапалы білім алуға қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 5 мектептің құрылысын жөндеуге, Үш ауысымды және апаттық мектептердің мәселесін шешу үшін жаңадан мектеп салуға;

    Науқастарға қолданылатын дәрі-дәрмектің қорын жасақтауға; Емхана, денсаулық сақтау мекемелеріне заманауи технологиялармен қамтамасыз ету мақсатында инвестиция тартуға;

    Құмертті сайлаушылар!

    Жоғарыда көрсетілген тараулар - атқарылуы тиіс жұмыстардың шегі емес. Осы ауданның тумасы және тұрғыны ретінде Жетісай ауданының өсіп-өркендеуін шын ниетіммен қалаймын және алға қойылған міндеттерді шешу үшін өз кандидатурамды ұсынып отырмын. Сайланған жағдайда бар күшөжігерімді, мүмкіндіктерімді ауданның өсіп-өркендеуіне жұмсайтын боламын!

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері