
Айнабек Мақсат Жаһангерұлы
Сегізінші шақырылымдағы Жетісай аудандық мәслихатының депутаты
Өмірбаян
ӨМІРБАЯНЫ ӨМІРБАЯНЫ ӨМІРБАЯНЫ
Мен, Айнабек Мақсат Жаһангерұлы, 6 мамыр 1972 жылы Қазақстан Республикасы, бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Микоян елді мекенінде дүниеге келдім. 1979 жылы Микоян атындағы №17 мектептің 1-сыныбына бардым.
1987-1990 жылдары Мәскеу облысы, Подольск ПСК-да шығыс жекпе жегі бағыты бойынша тәлім алдым.
1990-1995 жылдары Алматы қаласында «Қазақ дене тәрбиесі мәдениеті» интитутында сыртқы бөлімінде оқыдым;
1990-1992 жылдары Германияда әскер қатарында болдым;
1995 – 1998 жылдары Б.Момышұлы мектебінде дене шынықтыру пәнінен үйірме жұмысын жүргіздім;
1998 жылдан бастап «Мақсат-А» шаруа қожалығын жүргізіп келемін.
2006-2011 жылдары «Контал» ЖШС-де қауіпсіздік қызметі бастығы қызметін атқардым.
2016 жылы «Нұркірпіш» ЖШС -де директор қызметін атқардым.
Отбасылымын, 6 баланың әкесімін.
Қымбатты жерлестер! Мен 1972 жылдың 6 мамырында алдыңғы Мақтаарал қазіргі Жетісай ауданы, Микоян елді мекенінде туып өстім. Туған өлкемнің тарихын да, халқымның қажеттіліктері мен мұқтаждықтарын да жақсы білемін. Еліміздің өркендеуі, ауылдың даму жолында да еңбек ету менің мақсатым. Ағымдағы наурыз айында өтетін сайлауда, мен де өз бағымды сынап көруге бел будым. Бүгінгідей күрделі кезеңде осындай зор сенім мен жауапкершіліктің үддесінен шығу кім-кімге де сын болатынын жақсы сезіндім.
Мен, депутат болып сайланған жағдайда, ауданымыздың өзекті мәселелерінің оң шешімдерін табуға аянбай еңбек ететін боламын.
Ұлт тәрбиесі – ұлт болашағы. Егеменді еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақ денскулығы мен тәрбиесі. Денсаулығы мықты, білімді тәрбиелі азамат өсіру үшін, қоғам болып ынтымақтасып ат салысуымыз қажет.
Менің бүгінге дейінгі тәжірибемде салауатты өмір салтын ұстануға баулу, спорт денсаулық кепілі дегендей жасөспірімдерді денсаулығын нығайту, тәрбиелеу жолында өткіздім. Өзімнің жылдық еңбек жолымның барысында мықты қабілетті, спортқа бейім шыдамды балалармен қатар өмірдің түрлі кедергілеріне тап болған балаларды кезіктірдім. Өкінішке орай сол қабілеттілік пен шыдамдылық тек мектеп шеңберінен аса алмай мүмкіндіктер мен қолдаудың жетіспеу салдарынан ауыл балаларының басым көпшілігінің уақыты бос өтуде. Осы саладағы өмірлік тәжірибеме сүйене келе бүгінгі мүмкіндікті пайдалана отырып, өзімнің сайлауалды бағдарламамды ұсынамын.
Түйіткүлді мәселе көп және кез-келген мәселенің шешімі бар!
БАЛАЛАРДЫҢ БОС УАҚЫТЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ АРҚЫЛЫ САНАЛЫ ДА БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ
- Бос уақыт – қоғамдық және тұрмыстық еңбектен тыс, адам еңбек әрекеті кезінде жетілдіруіне мүмкіншілігі жетпейтін, өзінің еңбек икемділігі мен басқа да қабілеттерін жетілдіре алатын уақыты. Бала өзінің алдына қойған мақсаты мен қызығушылығын жүзеге асыруға арналған уақыт.
Бос уақытта:
- Еркіндік сезімін қанағаттандыру арқылы баланың қызығушылықтарымен қабілеттерін анықтауына;
- Белсенді іс-әрекет арқылы мүмкіншіліктерін толықтай көрсете алуына;
- Белсенді қарым-қатынас арқылы әртүрлі ұйымдармен бірлестіктерге өз мүмкіншіліктерін жүзеге асыруға жағдай туындайды.
Жалпы бос уақытты пайдалану төрт топқа бөлінеді:
- Ойын-сауықтар мен еркін демалыс.
- ауданымызда кеңестік дәуірден қалған бірнеше саябақтар бар. Бірақ саябақтардың жағдайы сын көтермейді. Балалардың және ересектердің жас ерекшеліктерін ескере отырып, заманауи үлгіде қайта жабдықтаудан өткізу;
- мектеп оқушыларының басым көпшілігі жазғы демалысқа шыққан уақытта тек мектеп жанындағы сауықтыру лагерьлерімен ғана шектелуде. Ауданымызда балалардың бос уақыты мен мәдени демалысын өткізетін лагерьлер ашу ;
- Мәдени құндылықтарды меңгеру.
- аудан көлемінде балалардың (ересектердің) мәдени құндылықтарын дамытатын бір де бір музейдің жоқтығы көңілге қаяу салады. Осы мақсатта ауданымыздың тарихы мен мәдени құндылықтарын насихаттаумен қатар өскелең ұрпаққа мұра етіп қалдырарлық әр елді мекенде музейлер ашу;
- аудан көлемінде кеңестік дәуірден қалған бірнеше кинотеатрлар бар. Ал елді мекендерде кинотеатрлар мүлде жоқ. Аудандағы Ғимараттарды қайта күрделі жөндеуден өткізіп, заманауи үлгіде жабдықтау қажет;
- Шығармашылықпен айналысу.
- балалардың сабақтан кейінгі бос уақытын тиімді пайдалану үшін өңірге оқушылар үйі қажет. Балалар оқушылар үйінде шығармашылық қабілеттерін шыңдайтын үйірмелерге (көркем сурет, саз өнері, домбыра т.б.) қатысуы керек;
- Спортпен айналысу.
- ауданымызда балаларға (ересектерге) арналған бір де бір жабық үлгідегі суда жүзу алаңы жоқ. Сондай-ақ, аудан орталығымен қатар елді мекендерге де балаларды көркем гимнастикаға, ұлттық спорт түрлерінен дайындайтын үйірмелер мен
спорт комплекстерді ашуды дамыту қажет.жылдыі кез-келген мезгілінде балаларға және ересектерге ыңғайлы болу үшін жабық үлгідегі спорттық комплекстер қажет.
ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР:
- Өңірді дамытуда, көркейтуде атқарылатын негізгі жұмыстардың бірі тұрғындар мен балалардың қауіпсіздігі үшін қалашықтар мен ауылдардағы көшелерді жарықтандыру;
- Халықтың билікке деген сенімін арттырып, Президентіміз қолдап отырған ашықтықты жүзеге асыру мақсатында билік өкілдерінің халықпен жүзбе-жүз кездесіп, мәселелерді бірлесіп шешуді жолға қоюды дамыту;
- Ауылдық округтерде мәдениет үйлерінің салынуына ықпал етемін.
- Елді мекендерді мейілінше мемлекетіміздің «Ауыл – ел бесігім» бағдарламасына енгізуге ықпал жасау.
- Ауылды жерлердегі амбулаторлық пункттердегі мамандарға қажетті штаттардың жетіспеуін шешу жолдарын (стаматолог,гинеколог, педиатор), жаңа үлгідегі амбулаторлық көліктерді бөлдіру жолдарын қарастыру;
- Ауыл көшелеріндегі жер асты суы деңгейінің көтерілуінен ауылдарды су басуының алдын алу үшін тік дренаждардың қалыпты жұмыс жасауын, су қашыратын науалармен (лоток) қамтамасыз етуін қолға аламын.
- Таза ауыз су мәселелерімен халықты толық қамтамасыз етуге қол жеткізу;
- Ауыл ішіндегі жолдарды жөндеуден өткізуді, түнгі электр шамдарын орнатуды, интернет және байланыс сапасын жақсартуды және қайта құру жұмыстары мәселесін, мәдениет ошақтары мен спорт кешендеріне қаржы бөлінуін және олардың игерілуін қадағалау;
- Тұрмысы төмен отбасыларға мемлекет тарапынан көрсетілетін әлеуметтік қолдаулардың қолжетімділігін қамтамасыз ету;
- Жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтылуына, ардагерлерді, мүгедектерді, көп балалы аналарды сауықтыру шараларымен қамтамасыз етуге, тұрғын үй салу үшін жер телімдерін қарастыру;
- Мектептердің материалдық-техникалық базасын жақсартуға, мұғалімдердің әлеуметтік жағдайын көтеруге, сол арқылы балаларымыздың білім деңгейін арттыруға ықпал ету;
Осы мақсаттар үшін елге қызмет ете отырып, халықтың әл – ауқатын арттыруға барлық күш – жігерімді жұмсауға аянбаймын.
«Жасында байқары жоқтың, қартайғанда айтары жоқ» деген халық даналығын ұстана жүріп, жастайымнан тынымсыз еңбектеніп, ізденісте жүретін мен үнемі елдің ішіндегі түйіткілді мәселерді байқап жүремін.
Құрметті жерлестер! Елге қалтқысыз қызмет етуде сіздердің қолдауларыңызды күтемін. Сенімдеріңізді ақтау – менің азаматтық парызым!





