
Ақтөреева Қаршыға Әдеханқызы
Сегізінші шақырылымдағы Жетісай аудандық мәслихатының депутаты
Өмірбаян
Өмірбаян Өмірбаян Өмірбаян
Ақтөреева Қаршыға Әдеханқызы 1971 жылы маусым айының 20-шы жұлдызы күні Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай ауданы, Жетісай қаласында қарапайым шаруаның отбасында дүниеге келген.
Жетісай қаласындағы А.Байтұрсынов атындағы орта мектепті бітіріп, Ташкент қаласындағы бухгалтерлік колледжіне түсіп, үздік диплом алып шыққан. Колледжден кейін «Джетысайсельстрой» трестіне қарасты №25 автобазада диспетчер, одан соң балабақшаның аға бухгалтері болған.
Өндірістен қол үзбей жұмыс істеп жүріп «Сырдария» университетінің сырттай бөлімінің есеп-аудит факультетіне оқуға түсіп, жоғары білімді мамандық алған.
1998 жылдан бастап шығарған өнімдері жаңа заман талаптарына жауап беретін «Қаршыға» фермер қожалығы және «ARSENAL SAD» ауылшаруашылық тұтынушылар кооперативінің төрайымы қызметін атқарып келеді.
2012-2014 жылдар аралығында іріленген Мақтаарал аудандық мәслихатының Y шақырылымының депутаты болған. «Аманат» партиясының мүшесі.
«Ерен еңбегі үшін», «ҚР ауылшаруашлығының үздігі» медальдарының иегері. Бұдан басқа аудан әкімінің және ҚР ауылшаруашылық министрінің Құрмет грамоталарымен мараптталған.
Отбасылы, бес баланың анасы (үш ұл, екі қыз)
Ұстанымы – адамгершілікті сақтап қалу.
№2 сайлау округі
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Халық таңдауымен Жетісай аудандық мәслихатына депутат болып сайланған жағдайда қала тұрғындарының тұрмыстық және әлеуметтік жағдайларын жақсартуға, қала мәдениетін арттыруға байланысты баршаңызға аса қажетті мына мәселелерді жедел шешіп, жүзеге асыруға өзімнің бар күш-жігерімді, білімімді жұмсамақшымын:
-Қала тұрғындары қоғамдық көлік қатынасына өте мұқтаж. Осы мұқтаждықты орындауға ықпал етемін.
-Қала сәулетін қалпына келтіруге, орынсыз салынған сауда нүктелерін ретттеуге атсалысамын.
-Мектепке баратын жолдарды жарықтандыруды, оқушылардың қауіпсіздігін сақтау ережелерін талап етемін.
-Көше тазалығы аса маңызды жұмыс, осы мәселені шешуді басты міндетім деп есептеймін.
- Қаланы дұрыстап абаттандыру, көгалдандыру, көркейту жұмыстары менің басты назарымда болады.
-Қала көшелеріндегі ағын суға арналған лотоктардың тозығы жеткен. Оны алмастыру мәселесін қала және аудан басшыларының алдына қоямын.
-Ауыз су көптеген көшелерге тұрақты берілмейді. Қала тұрғындары қыс ауасында зардап шегуде. Абай топтық су жүйсен қостыруға әрекет жасаймын.
-Жер асты суларының көтеріліп кетуінен, жаңбырдың көптеп жауынан тұрғын үйлерге қауіп төнуде. Бұл мәселені тік ұңғымаларды тұрақты іске қосу арқылы шешу жағын қарастырамын.
-Ауыр жүк тасымалдайтын көліктерге арналған қалаға айналма жол салу, ішкі көшелерді асфальттау, тозығы жеткен электр бағаналарын алмастыру, халық көп жүретін және мектеп, балабақша, медицина нысандарына баратын жол бойларына аяқжолдар салу,түнгі жарық шамдарын көбейтуді іске асырамын.
- Денсаулық сақтау, білім, мәдениет, спорт нысандарының тұрғындарға тиімді қызмет көрсетуін қадағалау менің басты назарымда болады.
- Ел болашағы – жастарымыз өздерінің бос уақыттарын тиімді өткізу үшін қаладағы мәдени-демалыс паркін қайтадан қалпына келтіру мәселесін аудан басшыларына ұсыныс жасаймын. Сонымен қатар,шағын саябақтар салу туралы мәселе көтеремін.
- Тұрмысы төмен отбасыларға мемлекет тарапынан көрсетілетін әлеуметтік қолдаулардың қолжетімділігін қамтамасыз етуге жұмыс жасаймын.
- Жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналасуға. ардагерлерді, мүгедектерді, көп балалы аналарды сауықтыру кешендеріне жіберуге қолқабысымды тигіземін.
-Жетісай қаласында көп ұлттың өкілдері тұрады. «Біздің Отанымыз-Қазақстан» деген ұранның аясында ұлттар татулығын берік сақтауды менің басты борышым деп есептеймін.
Құрметті сайлаушылар!
Жетісай қаласы менің туған жерім, атамекенім. Мырзашөлдің топырағы мен үшін аса қымбат. Осы қалада туып-өскендіктен қала халқының бақытты өмірі мені қатты толғандырады. Сіздердің таңдауларыңызға ие болған жағдайда сенімдеріңді ақтауға барынша белсенділікпен кірісемін. Сіздер маған сеніңіздер. Мен сіздерге сенемін.





