
Ахметов Елдос Қайбренұлы
Сегізінші шақырылымдағы Жетісай аудандық мәслихатының депутаты
Өмірбаян
Өмірбаян Өмірбаян Өмірбаян
Мен, Ахметов Елдос Қайбренұлы, 1988 жылы тамызында Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданы, Қазыбек би ауылында дүниеге келдім.
2009 жылы Алматы қаласындағы Қазақ Ұлттық педагогика университетіне «Қаржы-Экономика» мамандығына оқуға түсіп, осы мамандық бойынша диплом алып шықтым.
Еңбек жолын жеке кәсіппен бастап, «Fort-U» ЖШС директоры қызметін атқардым.
Бүгінгі таңда Жетісай ауданы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарып келемін. Екі баланың әкесімін (Бір ұл, бір қыз)
№8 сайлау округі бойынша
ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!
Жетісай аудандық мәслихатына депутаттыққа кандидат ретінде төмендегі міндеттерді орындауды азаматтық борышым деп білемін:
Менің бағдарламамның негізгі бағыттары мыналар болмақ:
- Ауыл округіндегі тік дренажды ұңғымаларды қайта қалпына келтіруге;
- Шаруа қожалықтарын жеңілдетілген минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз етуге;
- 2,8 мың шаруа қожалығына зиянкестерге қарсы қолданылатын биоагент пен гербицидтерді субсидиялауға;
- Жеңілдетілген субсидиялау, кепілдендіру тетіктері арқылы жаңа, тың жобаларды іске асыруға;
Жеңілдетілген субсидиялау, кепілдендіру тетіктері арқылы жаңа, тың жобаларды іске асыруға;
- Жастар мен әлеуметтік жағдайы төмен азаматтарға тұрғын үй беру мәселесін 2027 жылға дейін толық шешуге және жер алу кезегінде тұрған тұрғындарға жер беру мәселесін шешуге, атап айтқанда:
- Тұрғын үй құрылысына жеке инвестицияларды тартуға;
- Қазыбек би ауылдық округі Құрбан ата елдімекенінің сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңартуға;
Қазыбек би ауылдық округі Құрбан ата елдімекенінің сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңартуға;
- 2027 жылы аудан тұрғындарын табиғи газбен қамтамасыз ету үшін ауданда 2 аудандық газ тасымалдайтын станция құрылысын салуға;
- Тұрғындар үшін барлық ауылдарда сапалы жолдар мен жақсы инфрақұрылым болуына, атап айтқанда:
- Қазыбек ауылдық округіндегі білім беру ұйымдарын жаяу жүргінші жолдары (аяқ жол) және стандартқа сай жол кедергілері мен жол белгілерімен қамтамасыз етуге;
- «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында ауданның ішкі көшелерін орташа жөндеуден толық өткізуге, аудандық бюджеттен ауданның ішіндегі жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жөндеуге қаражат қарастыруға;
жөндеуге қаражат қарастыруға;
- 2027 жылға дейін алғашқы медициналық көмек көрсету емханасын салуға;
- Аймақтық дәрігерлер мен мейірбикелердің аула аралау жұмыстарын күшейтіп, жедел респираторлы вирустық инфекция мен коронавирусты ерте анықтау мен алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын уақтылы орындауға;
- Науқастарға қолданылатын дәрі-дәрмектер қорын жасақтауға;
- Сапалы білім алуға қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен толық қамтуға;
- «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 5 мектептің құрылысын жөндеуге;
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 5 мектептің құрылысын жөндеуге;
- Мүгедек адамдарға жеке қажеттіліктерін ескере отырып қолдау көрсетуге, компенсаторлық және әлеуметтік қызметтерді сатып алуға мүмкіндік беретін әлеуметтік қызметтердің бірыңғай порталын енгізуге;
- Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды «Еңбек» бағдарламасы аясында жұмыспен қамту;
- «Қамқорлық» жобасы аясында ауылдық округтер мен елді мекендерде өтетін қайырымдылық іс-шараларына жалғызбасты және әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған отбасыларға материялдық көмектер көрсетуге;
- Бұқаралық спортты дамыту үшін Қазыбек би ауылдық округі Қазыбек би ауылынан спорт алаңын салуға;
- Көкпар, қазақша күрес, тоғызқұмалақ, еркін күрес және т.б. ұлттық спортты дамытуға, сол арқылы 2027 жылға дейін Жетісай ауданда халықтың спорт инфрақұрылымымен қамтамасыз етілу деңгейін 45 %-ға жеткізу мақсатында бар күш-жігерім мен тәжірибемді жұмсаймын.
мақсатында бар күш-жігерім мен тәжірибемді жұмсаймын.
- Аудандағы жаңадан іске қосылатын өнеркәсіп кәсіпорындармен, ұйымдармен меморандум жасау арқылы жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту;
- «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша жас маманды Қазыбек би ауылдық округіне тұрақтандыру;
- «Жас кәсіпкер» жастардың кәсіпкерлік бастамалары бағдарламаларын іске асыру және жастардың өз бизнестерін ашуына жыл сайын 8-ден кем емес гранттар ұсыну;
- Жастар мен олардың әлеуметтік осал топтарына жеке инвестицияларды тарту есебінен тұрғын үймен қамтамасыз ету;
- «Дипломмен ауылға», «Жасыл ел», «Жас маман» «Жастар тәжірибесі», «Бизнес-бастау», «Серпін» бағдарламаларын жүзеге асыру арқылы жастардың рухани, адамгершілік, азаматтық және денешынықтыру мәдениетін көтеруге;
- «Жасыл ел» еңбек топтарын ұйымдастыру арқылы, жыл сайын жазғы кезеңге жастарды жұмысқа орналасуға;
- «Өрлеу» партиялық жобасы аясында тұрғындардың тұрғын үй, жұмыспен қамту, бизнесті дамыту, заңгерлік көмекке қызығушылығын арттыру мақсатында ақпараттық кеңестер ұйымдастыруға ;
- «Бақытты отбасы» жобасын іске асыруға қатысу, отбасының рөлін арттыратын және отбасылық құндылықтарды нығайтатын түрлі акциялар мен спорттық шаралар өткізуге;
- «Берекелі шаңырақ» жастар жобасы аясында Аналар кеңестерінің жұмысына жағдай жасауға;
- Ел бірлігін нығайту, қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін қоғамдық форумдарының жұмысын жалғастыруға;
- Бірлікті, конфессияаралық және ұлтаралық келісімді нығайту үшін этномәдени және діни бірлестіктерді белсенді түрде қолдауға;
- Азаматтық қоғамның дамуына және азаматтық белсенділіктің іске асырылуына ықпал етуге;
Азаматтық қоғамның дамуына және азаматтық белсенділіктің іске асырылуына ықпал етуге;
- Мемлекеттік тілдің танымалдығы мен қолданылу аясының кеңейтуге, Қазақстан халқының тілдерін дамытуға;
- Қоғамның санасын жаңғыртуға бағытталған жобалар мен іс-шараларды жүзеге асыруға;
- «Этносаралық ахуалды талдау» тақырыбында этнос көшбасшылары, белсенді этнос жастарының қатысуымен топтық зерттеулер мен кездесулер ұйымдастыруға;
- Өзге тілде білім беретін мектептерде міндетті түрде мемлекеттік тілде білім беру сыныптырын ашуды ұйымдастыруға;
- Тұрғындардың көшеде қапісіз жүруін қамтамасыз ету үшін көшелерге бейнебақылау камераларын қою мәселесін шешуге;
- Қала мен елді мекендерге толықтай жарықтандыру жүйелерін орнату мәселесін шешуге;
- Жол-көлік апаттарын азайту мақсатында тасжолдарға бейнебақылау камераларын орнату мәселесін шешуге;
- Тұрғын үйлерді су басу қауіпі туындамау үшін елді мекендердің ішкі көшелері бойынан су ағып кететін арық салу мәселесін шешуге;
- Бүкіл салада тамыр-таныстық пен монополияны түбірімен жоюға, адал әрі әділ «ойын ережесін» қалыптастыруға;
- Қазыбек би ауылдық округтегі елді мекендеріне бақылау камераларын орнатуға;
- Жергілікті полиция қызметкерлерін арнайы автокөліктермен, видео-жетондармен және планшеттермен жасақтандыру;
- Қазыбек би ауылдық округіне табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде қамтамасыз ететін өрт сөндіру бекетін ашу;
- Төтенше жағдайдың алдын алу бойынша қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету;
- Қоғамдық келісім мен этносаралық татулықты қамтамасыз ету;
- Тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруда кешенді жұмыстар атқаруға;
- Жайлы және қауіпсіз өмір сүру үшін қоғамда экологиялық мәдениеттің қалыптасуына ықпал етуге және экологиялық таза технологияларды енгізуге;
- Елдімекендерде сұрыптау желілері бар тұрмыстық қатты қалдық полигонын салуға;
- Тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті нығайту жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу және іске асыруға;
- Әрбір сыбайлас жемқорлық фактісін қоғамдық талқылауға шығарып отыру;
- Сыбайлас жемқорлық және бюджеттік қаражатты талан-таражға салуға кінәлі адамдарды жазалай отырып, тергеп-тексеру нәтижелерін міндетті түрде БАҚ-та жариялау арқылы жүйелі тергеп-тексеру жүргізу мәселесін көтеру мақсатында бар күш-жігерім мен тәжірибемді жұмсаймын.
Қорыта айтқанда, өзімнің сайлауалды бағдарламаларымда Жетісай ауданындағы өзекті мәселелерді көтеруді жөн көрдім. «AMANAT» партиясы қойған міндеттерді орындау және өзімнің сайлауалды бағдарламаларымды іс жүзіне асыру үшін аянбай еңбек етіп, аудан тұғындарына қызмет етемін!





