
Өмірбаян
Сыдықов Жасұлан Жиентайұлы 1987 жылы 07 шілдеде Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінде дүниеге келген. Білімі жоғары. 2009 жылы Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетін «Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша бітірген. 2016 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» және 2026 жылы Болашақ университетінде «Құрылыс» мамандығы бойынша білім алған.
05.01.2010ж-03.02.2010 ж– «РЗА» АҚ малдәрігері.
25.05.2010ж-03.06.2013 ж– Сарыбұлақ ауылдық округінің ветеринариялық-санитариялық инспекторы, жетекші маман.
03.06.2013ж-16.02.2015 ж– ҚР АШМ ВбжҚк Қазалы аудандық аумақтық инспекциясында бас маман, бөлім басшысы.
16.02.2015ж-15.03.2018 ж– ҚР АШМ ВБжҚК Қазалы аудандық аумақтық инспекциясының бас маманы.
15.03.2018ж-06.06.2019ж – Қазалы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы.
06.06.2019ж-02.06.2020ж – Қазалы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің тұрғын үй инспекциясы секторының меңгерушісі.
12.06.2020ж-02.09.2025ж – Қазалы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары.
02.09.2025ж-24.06.2026ж – Қазалы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін қоса атқарушы.
2026 жылдың маусым айынан қазіргі уақытқа дейін Қазалы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы.





