Омаров Саят Қайыржанұлы

    Аудан әкімінің орынбасары

    Омаров Саят Қайыржанұлы
    Заместитель акима

    Омаров Саят Қайыржанұлы

    Аудан әкімінің орынбасары

    Өмірбаян

    Саят Қайыржанұлы Омаров 1992 жылы 12 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Новоишимское ауылында дүниеге келген.
    2014 жылы Рудный индустриалды институтын "Электр энергетикасы" мамандығы бойынша, 2018 жылы Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін "Құқықтану"мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 2012 жылғы 10 қаңтарда «КБО-Игілік» ЖШС директорының орынбасары лауазымында бастады, онда 2016 жылғы 6 маусымға дейін жұмыс істеді.

    2016 жылғы 6 маусымнан 11 қарашаға дейін Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық секторының инспекторы қызметін атқарды.

    2017 жылғы 5 қаңтардан 13 наурызға дейін «Қызылжар аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ басшысының орынбасары қызметін атқарды.

    2017 жылғы 14 наурыздан 2018 жылғы 14 мамырға дейін «Қызылжар аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.

    2018 жылғы 13 маусымнан 2019 жылғы 2 қыркүйекке дейін «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ басшысы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты экономикалық жоспарлау секторының меңгерушісі қызметін атқарды.

    2020 жылғы 13 қарашадан 2021 жылғы 22 қарашаға дейін «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдары бөлімі» КММ басқарды.

    2021 жылғы 23 қарашадан 2024 жылғы 22 тамызға дейін «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімінің аппараты» КММ аудан әкімінің жедел мәселелер және экономика жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.

    2024 жылғы 23 тамыздан 30 қыркүйекке дейін «Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің аппараты» КММ жедел мәселелер бойынша аудан әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

    2025 жылғы 2 желтоқсаннан 2026 жылғы 1 ақпанға дейін «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппараты» КММ персоналды басқару жөніндегі құрылымдық бөлімшесінің бас маманы болып жұмыс істеді.

    2026 жылғы 2 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық сала, автомобиль жолдары және жедел міндеттер мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары болып тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері