Сапанов Берік Айсаұлы

    Аудан әкімінің орынбасары

    Сапанов Берік Айсаұлы
    Заместитель акима

    Сапанов Берік Айсаұлы

    Аудан әкімінің орынбасары

    Өмірбаян

    Берік Айсаұлы Сапанов 1973 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Сарыбұлақ ауылында туған. 1995 жылы Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтын «Орыс мектебіндегі қазақ тілі мұғалімі» мамандығы бойынша, 2005 жылы Леонид Борисович Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол университетін «қолданбалы экология» мамандығы бойынша аяқтаған.

    Еңбек жолын 1997 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Целинный АІІБ ішкі істер органдарындағы қызметінен бастады.

    2000-2002 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының «Андай» ЖШС егін шаруашылығының есепшісі;

    2002-2004 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Гаврилов орта мектебінде дене тәрбиесі бойынша факультативтік жұмыстың жетекшісі;

    2004 жылдың қыркүйек-желтоқсан айлары аралығында Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде күрес бойынша жаттықтырушы болып жұмыс істеді.

    2004-2005 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның мәдениет және спорт бөлімінің бас маманы;

    2005-2006 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы;

    2006-2018 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы;

    2018 жылдың мамыр-қазан айлары аралығында Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының Солтүстік Қазақстан мемлекеттік мұрағаты директорының орынбасары;

    2018-2020 жылдары Ақмола облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының директоры;

    2020-2022 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары;

    2022-2023 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның «AMANAT» партиясы филиалының атқарушы хатшысы;

    2023 жылдан бастап 2024 жылдың 3 шілдесіне дейін «AMANAT» партиясы Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық филиалының төрағасы қызметтерін атқарды.

    Азаматтарды қабылдау кестесi: айдың бірінші және үшінші сәрсенбісі сағат 14.30-17.30.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері