Аманжолов Ерлан Қуанышұлы

    Аудан әкімінің орынбасары

    Аманжолов Ерлан Қуанышұлы
    Заместитель акима

    Аманжолов Ерлан Қуанышұлы

    Аудан әкімінің орынбасары

    Өмірбаян

    Ерлан Қуанышұлы Аманжолов 1994 жылы 19 шілдеде Көкшетау облысы Куйбышев ауданы Куйбышев кентінде дүниеге келген.

    2013 жылы Көкшетау гуманитарлық-техникалық колледжін, 2016 жылы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін «Бағалау» мамандығы бойынша бітірген.

    2014 жылы еңбек жолын «Қазпошта» АҚ Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның почта байланысы торабының № 3 почта сервисінің жылжымалы бөлімшесінің бастығы қызметінен бастады.

    2017 жылғы сәуірден 2019 жылғы қарашаға дейін Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі аппаратының ауыл шаруашылығы және жедел мәселелер жөніндегі аудан әкімінің орынбасарының бас маман – көмекшісі болып жұмыс істеді.

    2019 жылдың қарашасынан 2020 жылдың маусымына дейін Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің көмекшісі қызметін атқарды.

    2020 жылдың маусым-желтоқсан айлары аралығында-Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау және талдау жұмысы бойынша аудан әкімінің бас инспекторы.

    2020 жылдың желтоқсанынан 2022 жылдың 30 тамызына дейін – Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі аппаратының басшысы.

    2022 жылғы 31 тамызда Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық сала, автомобиль жолдары және жедел міндеттер мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары болып тағайындалды.

    2026 жылғы 8 қаңтардан бастап Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің әлеуметтік-экономикалық даму, ауыл шаруашылығы және ветеринария, өнеркәсіп және бизнес, сондай-ақ жер ресурстары мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары лауазымына ауыстырылды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері