
Кенжебеков Асхат Белгібайұлы
Аудан әкімі аппаратының басшысы
Өмірбаян
Асхат Белгібайұлы, 1982 жылы туған, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Чистополье ауылында туған. 2003 жылы Орталық Азия университетін "педагог-психолог" біліктілігімен "Педагогика және психология"мамандығы бойынша бітірді. 2026 жылы Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің магистратурасын бітіріп, заң ғылымдарының магистрі дәрежесін алды ("Құқықтану"мамандығы бойынша).
Еңбек жолын 2004 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Приишим орта мектебінде дене шынықтыру мұғалімі болып бастаған.
2005-2006 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Приишим орта мектебінде әлеуметтік педагог болып жұмыс істеді.
2006-2007 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Приишим орта мектебінің директоры қызметін атқарды.
2007-2009 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Приишим орта мектебінде әлеуметтік педагог болып жұмыс істеді.
2009-2016 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау жұмысы жөніндегі құрылымдық бөлімшесінің басшысы болып жұмыс істеді.
2016-2019 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі аппаратының басшысы лауазымында еңбек етті.
2019 жылдан 2022 жылға дейін №2 Новоишим орта мектебінің директоры болып жұмыс істеді.
2022 жылдан бастап 2024 жылғы 18 наурызға дейін Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Червонный ауылдық округінің әкімі болды.
2024 жылғы 19 наурызда Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі Руслан Әкімжанұлы Анбаевтың өкімімен Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі аппаратының басшысы болып Асхат Белгібайұлы Кенжебеков тағайындалды.



