
Заместитель руководителя
Мажитов Руслан Шамшадинович
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі
Өмірбаян
Р. Мажитов 1979 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. 2000 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін "Құқық және экономика негіздері" мамандығы бойынша, 2003 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша бітірген.
- Ақтөбе қаласының № 2 орта мектебінде тарих пәнінің мұғалімі (2000-2002);
- Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы департаментінің бас маман-заңгерінің м.а. (2004);
- Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы департаментінің бас маман-заңгері (2004-2007);
- Ақтөбе қаласы салық комитеті құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы (2007);
- Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасының бас маман-заңгері (2007-2009);
- Ақтөбе облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмысы бөлімінің меңгерушісі (2009-2013);
- Ақтөбе облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмысы бөлімінің басшысы (2013-2014);
- Ақтөбе облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары (2014-2015);
- Ақтөбе облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы (2015-2016);
- Ақтөбе облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық және талдау бөлімінің бас инспекторы (2016-2018);
- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы (2018-2019);
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы (2019-2026);
- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департамент басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі (27.04.2026 ж. бастап).





