Каинбердиев Дархан Әбілқасымұлы

    Тарифтік саясатты реттеу департаментінің директоры

    Директор

    Каинбердиев Дархан Әбілқасымұлы

    Тарифтік саясатты реттеу департаментінің директоры

    Өмірбаян

    Каинбердиев Дархан Әбілқасымұлы 1982 жылы 28 қарашада Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы Ақыр-төбе станциясында дүниеге келген.

    2003 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде Мемлекеттік және муниципалдық басқару мамандығын бітірді.

    2006 жылы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрiк университетiнде Заңтану мамандығын бітірді.

    Еңбек жолын 2006 жылы Жамбыл облысы Мәдениет үйінің меңгерушісі болып бастады.

    17.05.2007 – 19.07.2007 жылдары Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Астана қаласы бойынша басқармасының Мемлекеттік монополияларды реттеу және талдау бөлімінің жетекші маманының міндетін атқарушысы.

    20.07.2007 – 26.12.2007 жылдары Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Астана қаласы бойынша басқармасының Мемлекеттік монополияларды реттеу және талдау бөлімінің жетекші маманы.

    27.12.2007 – 12.06.2008 жылдары Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Астана қаласы бойынша басқармасының Талдау және ұйымдастыру бөлімінің жетекші маманы.

    13.06.2008 – 11.08.2008 жылдары Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Астана қаласы бойынша департаментінің талдау және ұйымдастыру бөлімінің жетекші маманы.

    12.08.2008 – 24.03.2009 жылдары Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Астана қаласы бойынша департаментінің техникалық реттеу бөлімінің бас маманы.

    25.03.2009 – 31.08.2009 жылдары Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Астана қаласы бойынша департаментінің іс заңдылығын сақтау және бақылау бөлімінің бас маманы.

    01.09.2009 – 02.03.2010 жылдары Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Астана қаласы бойынша департаментінің баға және табиғи монополияларды реттеу бөлімінің бас маманы.

    03.03.2010 – 02.04.2012 жылдары Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Астана қаласы бойынша департаментінің баға және табиғи монополияларды реттеу бөлімінің бастығы.

    02.04.2012 – 04.07.2012 жылдары Астана қаласы зияткерлік меншік комитетінің ұйымдастыру-бақылау, кадрлық және талдау жұмысы жөніндегі сарапшысы.

    05.07.2012 – 21.04.2013 жылдары Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Астана қаласы бойынша департаменті директорының орынбасары.

    22.04.2013 – 31.03.2014 жылдары Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Астана қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары.

    01.04.2014 – 12.10.2014 жылдары Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Тарифтік-техникалық реттеу және әдіснамалық бөлімінің бастығы.

    13.10.2014 – 31.10.2018 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Теміржол көлігін реттеу бөлімінің бастығы.

    01.11.2018 – 19.09.2019 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы.

    20.09.2019 – 13.11.2019 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушысы.

    14.11.2019 – 17.09.2023 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы.

    18.09.2023 – 04.02.2024 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті Әдіснама басқармасының басшысы.

    05.02.2024 – 25.03.2024 жылдары Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі су шаруашылығын дамыту департаменті директордың орынбасары.

    26.03.2024 – 03.04.2024 жылдары Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі су үнемдеуші технологиялар және тарифтік саясат департаменті директордың орынбасары.

    04.04.2024 – 31.07.2024 жылдары Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі су үнемдеуші технологиялар және тарифтік саясат департаментінің директоры.

    01.08.2024 – 01.07.2025 жылдары Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі тарифтік саясат департаментінің директоры.

    02.07.2025 жылдың 02 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі тарифтік саясат реттеу департаментінің директоры.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері