Шарип Данияр Есенұлы
Су дипломатиясы департаментінің директоры
Өмірбаян
Данияр Есенұлы Шәріп 1992 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Гидрология» мамандығы бойынша, сондай-ақ Каспий қоғамдық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2015 жылы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану және дамыту басқармасында сарапшы міндетін атқарушы ретінде бастаған. Кейін сарапшы және бас сарапшы қызметтерін атқарды.
2019 жылы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Трансшекаралық өзендер департаменті Трансшекаралық өзендер басқармасының бас сарапшысы болды.
2019-2023 жылдары Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Трансшекаралық өзендер департаментінде бас сарапшы, кейін Трансшекаралық өзендер басқармасының басшысы қызметтерін атқарды.
2023-2024 жылдары Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының бас инспекторы болды.
2024 жылдан бүгінге дейін Су ресурстары және ирригация министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары, кейін осы департаменттің директоры қызметін атқарды.





