
Бекетаев Серікжан Мұратбекұлы
Су саясаты департаментінің директоры
Өмірбаян
Бекетаев Серікжан Мұратбекұлы 1987 жылдың 4 қыркүйекте дүниеге келген.
2005-2009 жылдары Алматы қаласы Қазақ ұлттық аграрлық университетінің экология мамандығында оқыған.
2009-2010 жылдары «Қайнар» университетінің құқықтану мамандығын бітірген.
15.03.2010-16.01.2012 жылдары «Ромат» ФК ЖШС-де менеджер-оператор;
18.01.2012- 26.04.2013 жылдары ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы, су қорын қорғау бөлімінде жетекші маманның м.а, жетекші маман.
26.04.2013-11.06.2014 ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Су ресурстары комитетінің Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы, Су ресурстарын қорғау бөлімі, жетекші маман, бас маман.
11.06.2014-01.10.2014 ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Су ресурстары комитеті, Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау басқармасы, сарапшы.
01.10.2014-16.09.2019 ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті, Топтық су құбырларын дамыту басқармасы, сарапшы, бас сарапшы, басқарма басшысы
17.09.2019-01.12.2020 Су ресурстары комитеті топтық су құбырларын дамыту басқармасының басшысы, Нұр-Сұлтан
02.12.2020-01.08.2022 Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Есіл бассейндік инспекциясы басшысының орынбасары, Инспекция басшысы;
02.08.2022-07.02.2024 Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Есіл бассейндік инспекция басшысы.
09.02.2024 жылдан Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су саясаты департаментінің директоры.




