Жұмат Ердәулет Маратұлы

    Цифрландыру департаментінің директоры

    Жұмат Ердәулет Маратұлы
    Директор

    Жұмат Ердәулет Маратұлы

    Цифрландыру департаментінің директоры

    Өмірбаян

    Жұмат Ердәулет Маратұлы 1996 жылы 3 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласында дүниеге келген.

    2017 жылы Сулейман Демирель атындағы университетін Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығын бітірді.

    2019 жыл - Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінде Экономика мамандығын тәмәмдады.

    Еңбек жолын 2017 жылы «Астана-Достық KZ» ЖШС білім беру орталығының математика пәнінің мұғалімі болып бастады.

    01.11.2017 - 30.12.2017 жылдары – «Астана Эдьюкейшн» ЖШС білім беру орталығының математика пәнінің оқытушысы.

    21.05.2018 - 26.08.2018 жылдары - Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс департаменті мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың орындаушыларын таңдау басқармасы сарапшысының м.а.

    27.08.2018 - 04.04.2019 - Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс департаменті мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың орындаушыларын таңдау басқармасының сарапшысы.

    05.04.2019 - 18.08.2019 - Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс департаменті мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың орындаушыларын таңдау басқармасының сарапшысы.

    19.08.2019 - 05.12.2019 - Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Электрондық үкіметті» және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту департаменті «Электрондық үкіметтің» ішкі контур жобалары басқармасының сарапшысы.

    06.12.2019 - 31.10.2022 - Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті «Электрондық үкіметтің» ішкі контур жобалары басқармасының сарапшысы, бас сарапшысы.

    01.11.2022 - 17.07.2023 - Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Цифрландыру, ақпараттандыру және мемлекеттік қызметтерді бақылау департаменті ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және сапасын бақылау басқармасының басшысы.

    18.07.2023 - 19.06.2024 - Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Цифрлық трансформация департаменті мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және сапа басқармасының басшысы.

    20.06.2024 - 22.09.2024- Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Цифрлық трансформация және жобалық басқарма департаменті мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру, мемлекеттік қызметтерді және жабаны бақылау басқармасының басшысы.

    23.09.2024 - 15.03.2026 - Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі мемлекеттік мекемесі цифрландыру департаменті директордың орынбасары.

    2026 жылдың 16 наурызынан бастап Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі мемлекеттік мекемесі цифрландыру департаментінің директоры.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері