
Сухамбеков Канат Садуакасович
Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары
Өмірбаян
1992 жылғы 17 тамызда Астана қаласында дүниеге келген. Білімі: 2010-2014 жж. – Қазақ гуманитарлық-заң университеті, «халықаралық құқық» мамандығы бойынша құқық бакалавры. 2017-2020 жж. – Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті, «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша экономика және бизнес бакалавры.
Еңбек қызметі:
2014 ж. – «Инженерлік-техникалық орталық» АҚ өндірістік процестерді бақылау және маркетинг бөлімінің маманы, кейін менеджері, Астана қаласы;
2014-2016 жж. – «Инженерлік-техникалық орталық» АҚ заң бөлімінің құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі жетекші маманының міндетін атқарушы, кейін жетекші маманы, Астана қаласы;
2016-2017 жж. – Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімі сарапшысының міндетін атқарушы, кейін сарапшысы, Астана қаласы;
2017-2019 жж. – Ақмола облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімінің бас маманы, Көкшетау қаласы;
2019-2022 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру бөлімінің сарапшысы, консультанты, кейін инспекторы, Астана қаласы;
2022-2023 жж. – Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары, Алматы қаласы;
2023-2025 жж. – Алматы қаласы Қаржы басқармасының басшысы, Алматы қаласы;
2026 ж. – Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының өндірістік емес төлемдер және жеке тұлғалар бөлімінің бас маманы міндетін атқарушы, кейін бас маманы;
2026 ж. – қазіргі уақытқа дейін – Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары.



