Баеділов Қанат Ескендірұлы

    Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы

    Баеділов Қанат Ескендірұлы
    Басшы

    Баеділов Қанат Ескендірұлы

    Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы

    Өмірбаян

    1967 жылғы 19 қарашада Алматы облысы Кеген ауданы Кеген ауылында дүниеге келген. Білімі: 1991 ж. – Алматы халық шаруашылығы институты, «ауыл шаруашылығын жоспарлау» мамандығы бойынша экономист. 2003 ж. – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, «құқықтану» мамандығы бойынша заңгер. Экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі бар.

    Еңбек қызметі:

    1986-1988 жж. – Совет әскері қатарында қызмет етті, Алматы қаласы;

    1991-1992 жж. – Алматы облыстық қаржы басқармасы Алматы облысы бойынша Бақылау-тексеру басқармасының аға бақылаушы-ревизоры;

    1992-1998 жж. – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша аға бақылаушы-ревизоры, бас бақылаушы-ревизоры, бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары;

    1998-1999 жж. – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Алматы облысы бойынша басқарма бөлімінің бастығы;

    1999-2002 жж. – Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша Салық комитетінің төрағасы;

    2002-2003 жж. – Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша Салық комитетінің төрағасы;

    2003-2008 жж. – Алматы қаласы бойынша Салық комитеті төрағасының міндетін атқарушы, төрағасы;

    2008-2009 жж. – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының орынбасары;

    2009-2013 жж. – Астана қаласы бойынша Салық департаментінің бастығы;

    2013-2014 жж. – Астана қаласы бойынша Салық департаментінің басшысы;

    2014-2017 жж. – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасы, Астана қаласы;

    2017-2021 жж. – Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі, Нұр-Сұлтан қаласы;

    2021 ж. – қазіргі уақытқа дейін – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері