
Мухаметжанов Айдос Касымбаевич
Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары
Өмірбаян
1977 жылғы 11 қазанда Алматы облысы Жамбыл ауданы Қара Қастек ауылында дүниеге келген. Білімі: 1998 ж. – Қазақ мемлекеттік басқару академиясы, экономист. 2015 ж. – «Тұран» университеті, «құқықтану» мамандығы бойынша құқық бакалавры.
Еңбек қызметі:
1998-1999 жж. – Алматы облысы Жамбыл ауданы бойынша «Беріктас» ЧСПК экономисі;
2000-2003 жж. – Алматы облысы Талғар ауданы бойынша Салық комитетінің жанама салықтар бөлімінің салық инспекторы;
2003-2004 жж. – Алматы облысы Талғар ауданы бойынша Салық комитетінің аудит бөлімінің салық инспекторы, кейін маманы — салық инспекторы;
2004-2005 жж. – Алматы облысы Талғар ауданы бойынша Салық комитетінің салық аудиті бөлімінің жетекші маманы — жетекші салық инспекторы;
2005-2006 жж. – Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша Салық комитетінің заңды тұлғалар аудиті бөлімінің бас маманы — бас салық инспекторы;
2006-2008 жж. – Алматы қаласы бойынша Салық комитеті салық аудиті басқармасының заңды тұлғалар аудиті бөлімінің жетекші маманы, кейін бас маманы — салық инспекторы;
2008 ж. – Алматы қаласы бойынша Салық комитеті Акциздер басқармасының акциздерді әкімшілендіру бөлімінің бастығы;
2008-2009 жж. – Алматы қаласы бойынша Салық департаменті өндірістік емес төлемдер басқармасының уәкілетті органдармен жұмыс бөлімінің бастығы;
2009 ж. – Алматы қаласы бойынша Салық департаменті өндірістік емес төлемдер басқармасының өндірістік емес төлемдерді әкімшілендіру бөлімінің бастығы;
2009-2010 жж. – Алматы қаласы бойынша Салық департаментінің аудит сапасын бақылау бөлімінің бастығы;
2010 ж. – Алматы қаласы Алатау ауданы бойынша Салық басқармасы заңды тұлғалардың салықтық аудиті бөлімінің бастығы;
2010-2011 жж. – Алматы қаласы бойынша Салық департаментінің өндірістік емес төлемдерді әкімшілендіру басқармасының бастығы;
2011-2013 жж. – Алматы қаласы Бостандық ауданы бойынша Салық басқармасы бастығының орынбасары, кейін басшысының орынбасары;
2013-2014 жж. – Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша Салық басқармасы басшысының орынбасары;
2014-2015 жж. – Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Медеу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары;
2015 ж. – Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Камералдық бақылау басқармасының басшысы;
2015-2016 жж. – Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Аудит басқармасының басшысы;
2016-2018 жж. – Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Медеу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары;
2018-2021 жж. – Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Аудит басқармасының басшысы;
2021-2024 жж. – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Аудит департаменті Салықтық аудит басқармасының басшысы, Нұр-Сұлтан / Астана қаласы;
2024 ж. – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Салықтық әкімшілендіру департаментінің директоры, Астана қаласы;
2024 ж. – қазіргі уақытқа дейін – Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары.



